Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Асығың алшысынан түссін…
WhatsAppTelegramFacebook

Апталап алқынып тұрған аптаптың беті қайтып, таңғы самал Талдықорған шаһарына ерекше бір сергектік сыйлады. Кеше ғана көлеңке қуалап, сая іздеген жұрт бұл күні қоңыр салқынды сезініп, бойын тіктеді. Ара-тұра есіп өткен жібек жел саябақтағы жасыл желекті тербеп, табиғаттың өзі ұлттық рухты ұлықтаған игі іске ақ батасын беріп тұрғандай әсер қалдырды.


Осындай жайма-шуақ таңда «Ардагерлер» саябағы ұлттық спорттың думанына айналды. Мұнда Талдықорған қаласының мектептерінен жиналған елуге жуық оқушы халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен төл ойындары бойынша бақ сынады. Ұлттық спортты дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ата дәстүрдің мәйегін сіңіру, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара көпшіліктің көңілінен шықты.

Қазақ «Асығың алшысынан түссін!» деп бекер тілек айтпаған. Бұл – жолыңның ашық, бағыңның жанғанының белгісі. Сол игі тілектің мәнін бүгінгі жас буын ісімен дәлелдеп жүргендей. Бірі білектің қарымын көрсетсе, екіншісі ақыл мен айланы қатар қажет ететін ойындарда мерейін үстем етуге тырысты.

Арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ, бес асық, дойбы және өзге де ұлттық әрі зияткерлік спорт түрлерінен өткен додада әр қатысушы барын салды. Жарыс алаңында жеңіске деген құлшыныс анық сезілгенімен өзара сыйластық пен достық бәрінен биік тұрды.

Шараны ұйымдастырушы қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Диана Сергееваның айтуынша, бұл жолғы сайысқа ұлттық спорт түрлерімен тұрақты айналысып жүрген, қала, облыс, республика деңгейіндегі жарыстарда жүлде алып жүрген дарынды оқушылар арнайы шақырылған.

– Ұлттық спорт – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салты мен тәрбиесінің ажырамас бөлігі. Мұндай шаралардың басты мақсаты – балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық мұрамызды келер ұрпаққа аманаттау, – дейді ұйымдастырушы.

Жарысқа қатысқан жас спортшылардың әрқайсысының ұлттық ойындарға келу жолы әртүрлі болғанымен барлығының арманы ортақ – туған елдің абыройын асқақтату.

Дойбы сайысында өнер көрсеткен №18 мектептің 6-сынып оқушысы Нұрболат Мейірғазы бұл ойынмен екі жылдан бері тұрақты айналысып жүр.

– Алғашында қызығушылықпен келген едім. Уақыт өте келе бұл ойынның ойлау қабілетін дамытатынын түсіндім. Мектебіміздегі ұстаздарымыз әр жарысқа тыңғылықты дайындайды. Соның нәтижесінде түрлі деңгейдегі бәсекеге қатысып, тәжірибе жинап келеміз. Осындай жарыстар бізді жаңа белестерге жетелейді, – дейді жас спортшы.

Ал шахматқа қатысқан №8 орта мектептен келген Еркежан Медетқызы зияткерлік ойындарға деген сүйіспеншілігі отбасынан бастау алғанын айтты.
– Шахматпен 3 жылдан астам уақыт айналысып келемін. Бұл ойынға алғаш ата-анам баулыды. Үйімізде бәріміз шахмат ойнаймыз. Әр партия сайын жаңа нәрсе үйренемін. Осындай жарыстар өзіңді шыңдап, қарсыластарыңнан тәжірибе алуға үлкен мүмкіндік береді, – дейді ол.

Тоғызқұмалақтан сынға түскен №11 мектептің оқушысы Әлихан Әмірхан ұлттық ойынға 5 жылдан бері ден қойған.

– Тоғызқұмалақ – сабыр мен терең ойды қажет ететін ерекше ойын. Сонымен бірге шаңғы және керлингпен де айналысамын. Спортқа деген қызығушылығымды әкем оятты. Қай спорт түрімен айналыссам да ең алдымен тәртіп пен еңбекке үйрендім. Бұл жарыс біз үшін үлкен тәжірибе, – дейді жас спортшы.

Жарысқа қатысушылардың жанында ұстаздар да ерекше белсенділік танытты. Олар шәкірттеріне жанкүйер болып қана қойған жоқ, ұлттық спорттың қадір-қасиетін жас ұрпақтың санасына сіңіруге күш салып жүрген жандар екенін де көрсетті. Ұстаздардың пайымынша, ұлттық ойын – баланың бойына қайсарлықты, әділдікті, сабыр мен намысты қатар дарытатын тәрбие мектебі.

Өз шәкірттерін жарысқа бастап келген №11 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шырын Мырзанқызының айтуынша, ұлттық мұраны дәріптеу әрбір ұстаздың азаматтық парызы.

– Сыныбымнан бірнеше оқушыны ертіп келдім. Әрқайсысы әртүрлі ұлттық спорт түрінен бақ сынады. Қазіргі балалар телефон мен компьютерге көп уақыт бөледі. Сондықтан оларды ұлттық ойындарға ерте жастан баулу өте маңызды. Өйткені ұлттық спорт – денені ғана емес, рухты да тәрбиелейді. Осындай жарыстар жиі ұйымдастырылса, балалардың қызығушылығы арта түседі, – дейді ұстаз.

Бес асық сайысына төрелік еткен №12 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Эльмира Берікболова бұл ойынның ұмытылмайтынын атап өтті.

– Бес асық сайысына он беске жуық оқушы қатысты. Бұлардың барлығы өз мектептерінде үздік ойын көрсетіп жүрген балалар. Қазіргі таңда ұлттық ойындарға қызығушылық артып келеді. Әсіресе бастауыш пен орта буындағы оқушылардың ынтасы жоғары. Осындай жарыстардың арқасында ұлттық спорт қайта жаңғырып, жаңа тыныс алып жатыр, – дейді төреші.

Асық атудан сынға түскен жас спортшының сөзінен де ұлттық ойынға деген сүйіспеншілік анық аңғарылады.

– Асық атуға кішкентайымнан қызығып келемін. Осы спорт түрінен Қазақстан чемпионатына бірнеше мәрте қатысып, облыстық жарыстарда жеңімпаз атандық. Бізді жаттықтырушымыз үнемі жаңа белестерге жетелеп, түрлі жарысқа қатыстырады. Ал үйде әкем мен атамның асық ойнағанын көріп өстім. Сондықтан бұл ойын маған жат емес, қаныммен бірге келген ұлттық мұрадай сезіледі, – дейді жас спортшы Ерасыл Мұхаметсейіт.

Расында, ұлттық ойын – уақыт озған сайын бағасы жоғарылайтын құндылық. Керісінше, ұлттың тамырын тереңге тартатын, жас буынның бойына намыс пен жігер дарытатын асыл қазына. Арқан тартқан баланың бойында ауызбіршілік бекиді, тоғызқұмалақ ойнаған шәкірттің зердесі ұшталады, бес асық пен асық атуға машықтанған жеткіншектің ептілігі артып, мергендігі шыңдалады. Мұның бәрі ата-бабадан қалған тәрбие мектебінің өміршеңдігіне дәлел.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөздің мәні де осында. Ұлттық спортқа ден қойған ұрпақ – рухы мықты, тамырынан ажырамаған ұрпақ. Сондықтан мұндай тағылымды шаралар өскелең буынның бойына ұлттық рухты ұялатып қана қоймай, олардың туған елге, төл мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні анық.

Жарыс соңында барлық қатысушыға медальдар, дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Дегенмен бұл күнгі ең үлкен жеңіс марапатта емес еді. Ең бастысы – бабадан мирас болған ұлттық мұраның жас ұрпақ жүрегінен орын тауып, қазақтың қастерлі ойындарына деген қызығушылықтың арта түсуі. Асығы алшысынан түскен әрбір жас – ел ертеңінің еңсесін тіктейтін азамат. Ұлттық рух ұлықталған жерде ұлттың да тұғыры әрдайым биік болмақ.

Санжар Сұлтанғазы

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.