Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Миллиардер қазақстандық футбол клубты сатып алды

16 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Миллиардер қазақстандық футбол клубты сатып алды

Коллаж Ulysmedia

WhatsAppTelegramFacebook

Шымкент қаласының әкімдігі «Ордабасы» футбол клубының жеке меншік басқаруға өтетінін ресми түрде мәлімдеді. Аталмыш қадам қазақстандық кәсіби спортты коммерцияландыру және бюджетке толық тәуелділіктен арылту бағытындағы маңызды стратегиялық шешім болды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы клубты жекешелендіру туралы меморандумға қол қойды. Клубтың жаңа басқарушысы – қазақстандық белгілі кәсіпкер, «Integra Construction KZ» компаниясының бенефициарлық иесі Шахмұрат Мұтәліп. Айта кетейік, кәсіпкер жақында ғана «Eurasian Resources Group» (ERG) халықаралық компаниясының 40 пайыздық үлесін иеленіп, отандық ірі бизнес өкілдерінің біріне айналған болатын. Сонымен қатар ол Қазақстан бокс федерациясын басқарады және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында маңызды комитетке жетекшілік етеді.

Құжат клубқа ауқымды жеке инвестиция тартуды, тұрақты нарықтық басқару үлгісіне көшуді және корпоративтік басқарудың заманауи халықаралық стандарттарын енгізуді көздейді. Жаңа басқару жүйесі аясында материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқару процестерін толық цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар атқарылады. Ғабит Сыздықбеков бұл қадам Шымкенттің еліміздегі жетекші футбол орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтатынын атап өтіп, клубтың ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігі артатынына сенім білдірді.

Инвестор Шахмұрат Мұтәліп өз кезегінде «Ордабасыны» дамытуды ұзақ мерзімді әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастыратынын жеткізді. Оның айтуынша, басты міндет – клубтың бай тарихын сақтай отырып, инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және мықты команда қалыптастыруға басымдық беру. Бұл үрдіс отандық футболдың мемлекеттік қаржыға ғана иек артпай, жеке капитал есебінен кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашады. Жеке инвестордың келуімен «Ордабасы» өз жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуантып, еурокубоктарда тұрақты өнер көрсететін заманауи топ-клубқа айналады деп күтіледі.

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.