Талдықорған: +24°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Үздік жетілікте

19 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАҢАЛЫҚТАР
Үздік жетілікте

ҚР ҰОК

WhatsAppTelegramFacebook

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының аяқталар тұсы жақын. Бүгін ел құрамасындағы тәжірибелі спортшылар (екеуіде төртінші Олимпиадасына қатысып отыр) Абзал Әжіғалиевпен Денис Никиша 500 метр қашықтықта шорт-тректен сынға түсіп, бірі ширек финалда сүрінсе, екіншісі жартылай финалдан жарысты аяқтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.  

Ширек финалда Абзал Әжіғалиев өз тобында екінші келе жатқан. Соңғы айналымда италиялық Лоренцо Превиталимен соқтығысып, жартылай финалға өте алмады. Абзалдың уақыты – 41.549.

Ал Денис Никиша болса өз тобында 40.562 уақытын көрсетіп, үшінші орын алып, тікелей жартылай финалға өтті. Одан кейін жартылай финалда бес спортшының арасынан төртінші орын алып (40.871 уақытта келді), шешуші финалға шыға алмады. Ал «Б» (6-10 орын) финалында 41.948 уақытымен екінші келді. Бұл Денистің жеке рекорды. Осылайша негізгі финалға өткен бестікке енбей, «Б» финалында екінші орын алған Денис Никиша жалпы қорытынды бойынша үздік жеті спортшының санатына қосылды.

Денистің нәтижесіне орай түсініктеме берген ҚР Турзим және спорт министрлігі: «Жартылай финалда өте тығыз өткен жарыста төртінші орын алып, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен Олимпиада чемпиондарынан бірнеше милисекундқа ғана қалды. Финалдық жарыста ол Олимпиада чемпионы Шаоан Люге (Қытай) жол беріп, екінші орынмен аяқтады»,-деді.

Шорт-тректен 500 метр қашықтықта Стивен Дюбуа (Канада) 40.835 уақытта келіп,  Олимпиада чемпионы болса, Мелле ван т Воут (Нидерланды; уақыты – 40.912) күмісті, қоланы інісі Йенс ван т Воут (Нидерланды; уақыты – 41.908) алды.

Қазақстанның шорт-тректен Олимпиададағы үздік нәтижесі Абзал Әжіғалиевке тиесілі. Ол 2022 жылы Бейжіңде өткен төрт жылдықтың басты жарысында 4-орын алды (40.869 уақытында келді). Ал чемпион сол кезде Венгрияның атынан қатысқан, осы жолы Қытай құрамасында жарысқа шыққан Шаоан Лю болған еді.

 

Қатысты жаңалықтар

Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55
Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.