Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алакөлдік шаруалар суды есептеудің цифрлық жүйесіне көшеді

19 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Алакөлдік шаруалар суды есептеудің цифрлық жүйесіне көшеді

unece.org

WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен аудан шаруа қожалықтары басшыларына су пайдалану саласындағы цифрландыру және электрондық келісімшартқа көшу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, келісімшарттарды электронды форматта рәсімдеу тәртібі және саладағы жаңа талаптар кеңінен талқыланды. Басқосу суармалы егіншіліктің маңыздылығы артып отырған кезеңде су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталды.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Әли Сембаев су пайдалану жүйесін цифрландыру – саладағы тәртіпті күшейтіп, нақты есеп жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті.

– Бүгінде су көлемін есепке алу, келісімшарттарды уақытылы рәсімдеу және төлем тәртібін реттеу мәселелері өзекті. Электрондық форматқа көшу – адами факторды азайтып, процесті жеңілдетеді әрі шаруаларға қолайлы жағдай жасайды, – деді ол.

«Қазсушар» РМК Жетісу облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Думан Сайламбаев су жеткізу қызметінің жаңа талаптары мен тарифтік саясаттағы өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, элек-трондық келісімшарттар су беру кестесін нақтылауға және тұтынушылармен жұмысты жүйелеуге мүмкіндік береді.

– Су – стратегиялық ресурс. Әр текше метрдің есебі болуы тиіс. Цифрландыру арқылы біз су шығынын азайтып, әділ бөлуге қол жеткіземіз, – деді ол.

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Бал- қаш – Алакөл бассейндік инспекциясы мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы Бағжан Керімханов су заңнамасын сақтау мәселесіне ерекше тоқталды.

– Су пайдалану талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Сондықтан келісімшарттарды заң талаптарына сай рәсімдеу және бекітілген лимиттен аспау әр шаруаның міндеті, – деп ескертті маман.

Алакөл өндірістік учаскесінің су нысандарын пайдалану бөлімінің инженері Аслан Омаров техникалық тұрғыдағы жаңашылдықтарға тоқталып, су беру жүйесіндегі автоматтандыру элементтері кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын жеткізді.

– Алдағы уақытта су есептегіш құрылғыларын жаңарту және нақты мониторинг жүргізу жұмыстары күшейтіледі. Бұл суды тиімді пайдалануға оң әсерін тигізеді, – деді инженер.

Жиын барысында шаруалар тарапынан электрондық келісімшарт жасау тәртібі, құжаттарды рәсімдеу мерзімі және су беру кестесіне қатысты сұрақтар қойылып, сала мамандары тарапынан нақты жауаптар берілді.

Жалпы, аталған түсіндіру жұмыстары су ресурстарын ұтымды пайдалану, цифрлық жүйеге көшу және ауыл шаруашылығы саласында ашықтық пен тәртіпті күшейту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.

Қажет АНДАС
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.