Ақтөбеде Qarakesek сахналық атымен танымал рэпер Омар Амантаевқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ақтөбеде Qarakesek сахналық атымен танымал рэпер Омар Амантаевқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сот шешімімен Амантаев психотроптық заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, психиатрдың бақылауында мәжбүрлі ем қабылдау міндеттелді. Сонымен қатар, ол пробация қызметінің есебіне қойылады. Егер сот тағайындаған қоғамдық жұмыстардан жалтарса, өтелмеген сағаттар қамауға алу жазасына алмастырылуы мүмкін.
Кеше сот отырысына келмеген Амантаев бүгін сотқа полиция қызметкерлерінің мәжбүрлеп жеткізуімен қатысқан.
Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың тамыз айында рэпер есірткілік мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталған. Тексеру барысында оның жанынан 0,26 грамм мефедрон табылған. Сараптама аталған заттың есірткі екенін растаған.
Сот барысында Омар Амантаев шамамен бір жылдан бері есірткі қолданатынын және емделуге ниетті екенін айтты.
– Кінәмді толық мойындаймын, айыптаумен келісемін. Синтетикалық затты тауып алдым. Сату ойымда болған жоқ, – деді ол сотта.
Прокурордың «Бұл заттың синтетикалық екенін қалай білдіңіз?» деген сұрағына Амантаев «Білемін, көргенмін» деп жауап берген.
Омар Амантаев 31 жаста. Ол Батыс Қазақстан облысының тумасы. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469
Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69
Пошта: jetisu2002@mail.ru
«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990
© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.