Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл оты маздасын

16.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ауыл оты маздасын
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары облыста елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары айтарлықтай қарқын алды.

Бұл – тек энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту емес, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Осы ретте облыста табиғи газға қолжетімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. «2030 жылға дейінгі перспективамен Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік кестесіне сәйкес газдандыруға жататын 356 елді мекеннің 210-ын табиғи газбен қамту көзделген. Бүгінгі таңда аймақты газдандыру деңгейі 67,2 пайызды құрайды.

Барлығы 110 елді мекен газдандырылып, 467 мың тұрғын немесе 120,2 мың абонент табиғи газға қол жеткізді (Оның ішінде 67,7 мың абонент, яғни 56,3 пайызы табиғи газға қосылған). Жұмыстар мұнымен тоқтаған жоқ. Қазіргі уақытта 16 өтпелі нысан бойынша құрылыс жүріп жатыр. Жоспарланған 576 шақырым газ құбырының 430 шақырымы, яғни 74,5 пайызы салынды. Осы жобалар іске асқаннан кейін газдандырылған елді мекендер саны 126-ға жетіп, 518 мыңнан астам тұрғын немесе облыс халқының 74 пайызы табиғи газбен қамтылады.

Газдандыру жұмыстары облыс орталығында да қарқынды жүргізілуде. Талдықорған қаласының Ащыбұлақ, Мерекелік, Қызылтас, Қаратал және «Бірінші бөлімше» тұрғын алаптарын газдандыру бойынша жалпы құны 3,7 млрд. теңге болатын шарттар жасалды. Жобалардың жалпы ұзындығы 123 шақырым. Нәтижесінде 11,5 мың адам табиғи газға қол жеткізеді.

Аймақтағы газдандыру көкжиегін кеңейткен маңызды жобалардың бірі – Талдықорған – Үшарал магистральдық газ құбыры. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында оның құрылысы 2025 жылы аяқталды. Жалпы құны 124 млрд. теңге болатын жоба аясында 302 шақырым магистральдық газ құбыры және 6 автоматтандырылған газ тарату стансысы (АГТС) салынды.

Осы инфрақұрылымның мүмкіндігін пайдалана отырып, Ақсу, Сарқан, Алакөл және Ескелді аудандарының 84 елді мекенін газдандыру көзделіп отыр. Оның ішінде Ақсу ауданында – 31, Сарқанда – 19, Алакөлде – 28, Ескелді ауданында – 6 елді мекен бар. Бұл елді мекендерде тұратын 133,9 мың адамды табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған. Аталған жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті шарттар жасалып, жобалардың жалпы құны 87,9 млрд. теңгені құрады. Жоба аясында барлығы 2 775 шақырым газ құбырын салу көзделген.

Жобалар толық жүзеге асқан жағдайда облыстың газдандыру деңгейі қазіргі 67,2 пайыздан 93,8 пайызға дейін өседі. Табиғи газға қол жеткізетін елді мекендер саны 210-ға, ал газбен қамтылатын тұрғындар саны 652,3 мыңнан астам адамға жетеді. Сонымен бірге табиғи газды тұтыну көлемінің жыл сайын артуы жаңа міндеттерді алға шығарып отыр. Солардың бі-рі – Алматы – Талдықорған магистральдық газ құбырының өткізу қабілетін арттыру.
Осы мақсатта жеке инвестициялар есебінен магистральдық газ құбырының лупингін салу жобасы әзірленді. Жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын келесі жылы бастау жоспарда бар. Осылайша Жетісуда газдандыру тек елді мекендер санын арттырумен шектелмей, магистральдық инфрақұрылымды күшейту арқылы аймақ тұрғындарының табиғи газға тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Азамат БЕЙСБАЕВ,
облыстық энергетика және
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқарма
басшысының орынбасары

Қатысты жаңалықтар

Су тапшылығына француздық тосқауыл: Қазақстанның бөгеттері жаңғыртылады

Су тапшылығына француздық тосқауыл: Қазақстанның бөгеттері жаңғыртылады

16.09.2026
Жасанды интеллект 2,5 мың ауыл мектебіне енгізіледі

Жасанды интеллект 2,5 мың ауыл мектебіне енгізіледі

16.09.2026
Қытайға бару ережеcі өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек

Қытайға бару ережеcі өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек

16.09.2026
Азия ойындары 2026: Қазақстан намысын 559 спортшы қорғайды

Азия ойындары 2026: Қазақстан намысын 559 спортшы қорғайды

16.09.2026
Ауыл оты маздасын

Ауыл оты маздасын

16.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.