Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңінде қола медаль еншіледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарат порталы.
Германияның Котбус қаласында өткен бәсекеде отандасымыз финалда 14,933 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Алтын жүлде 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргеттаға бұйырды. Күміс медальді 14,966 ұпай жинаған армениялық Мамикон Хачатрян иеленді.
Аталған сында финалға шыққан тағы бір қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов 14,833 ұпаймен төртінші орын алды.
Айта кетейік, Нариман Құрбанов – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Ол спорттық гимнастикадан Олимпиада жүлдесін жеңіп алған Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанған.





