Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Келелі келешекке бастайды

23 ақпан 2026
КҮЛТӨБЕ, САЯСАТ
Келелі келешекке бастайды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының және облыстық колицияның өкілдері ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Есбай, Ғалиасқар Сарыбаев, Арыстанғали Арын Ескелді ауданына қарасты М. Байысов ауылындағы Рүстембеков атындағы орта мектептің еңбек ұжымен кездесті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Кездесуде алғысөзді алған Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, Конституциялық реформа халықтың саяси процеске қатысуын кеңейтіп, заң үстемдігін нығайтуға мүмкіндік береді. Егер Парламенттің рөлі күшейіп, жергілікті өзін-өзі басқару дамыса, бұл демократиялық қағидаттардың тереңдеуіне әсер етеді.

– Бүгінгі кездесу – әрқайсымыз үшін маңызды. Біз алдағы референдум арқылы Конституцияға енгізілетін өзгерістердің қоғам өміріне қалай әсер ететінін түсінуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік аламыз. Әр пікір, әр ұсыныс – біздің ортақ мақсатымызға, әділетті және тең қоғам құруға үлес қосады, – деді спикер.

Ал, Амангелді Есбайдың сөзінше, Конституциялық реформа халықтың саяси процеске қатысуын кеңейтіп, заң үстемдігін нығайтуға мүмкіндік береді.

– Құжаттың өзегінде – адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен жеке жауапкершілігі қарастырылған. Дәстүр, бірлік пен рухани құндылықтар қоғамның орнықты дамуының негізі ретінде айқындалған. Конституция жобасында мемлекеттің зайырлы сипаты, сонымен бірге некенің ер мен әйелдің тең құқықты, ерікті одағы ретінде танылуы нақтыланған. Бұл – отбасы институтын, әйелдердің құқықтарын және ұрпақтар сабақтастығын қорғауға бағытталған маңызды норма, – деді ол.

Ал, Арыстанғали Арын жаңа жобада әлеуметтік кепілдіктердің күшейтілуі, еңбек құқықтарының қорғалуы және әділетті қоғам құру қағидаттары айқын көрініс тапқанын атап өтті.

– Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған ауқымды құжат. Ол билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін нақтылауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді және мемлекеттік басқару құрылымын тиімді етуді көздейді. Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын институционалдық тұрғыдан бекіту, – деді ол.

Жиын соңында ұстаздар қауымы тағдыршешті сәтте жарқын болашақ үшін таңдау жасайтынын жеткізіп, келешектің іргесін бірге қалауға уағдаласты.

Қатысты жаңалықтар

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00
Жастар желінің жетегінде

Жастар желінің жетегінде

Бүгін, 13:00
Кітап оқыңыз, құрбым!

Кітап оқыңыз, құрбым!

Бүгін, 12:30
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Дамудың басты бағдары

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.