Талдықорған: -3°C
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«Адам есебінде құрметтемеу». Шайдоров министрлікке неге ренжіді?

26.02.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАҢАЛЫҚТАР
Тарихта тұңғыш. Шайдоров жайында

Сали Сабиров

WhatsAppTelegramFacebook

Қысқы Олимпиада ойындарының алтынын араға 32 жыл салып елімізге сыйлаған Михаил Шайдоровтың жеңісінен кейін ақпарат айдынында оның айлығы және оған көрсетілген қолдаудың бағасы ашық айтылып, спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов та, оның орынбасары Серік Жарасбаев та біраз мәліметті жайып тастаған. Бұл деректерді көрген Михаил Шайдоров ренжіді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Министрлік Олимпиададан кейін «2025 жылы спортшы мен оның командасының дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қаржы көлемі 263 394 581 теңгені құрады. Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынына (8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінді», – деген ресми мәлімет жариялады.

Одан кейін спорт және туризм вице-министрі Серік Жарасбаев: «Менің ойымша, мемлекет қолдауынсыз Олимпиада немесе халықаралық жарыстарға шығу мүмкін емес. Барлық спортшылар, соның ішінде Михаил Шайдоров Спортты дамыту дирекциясында есепте және штаттық ұлттық құраманың құрамына кіреді. Олардың оқу-жаттығу жиындары, жарыстарға шығу шығындары өтеледі  және келісімшарт бойынша жалақы төленеді. Егер қателеспесем, Олимпиадаға дейін Михаилдың келісімшарты бір миллион теңгеден сәл көп болған. Ал өткен жылы ол шамамен айына 1,5 млн теңге жалақы алған», – деп айтқаны Ulysmedia.kz порталында жарияланды.

Tengrinews.kz сайтына экслизювті сұхбат берген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров: «Менің жалақым жөніндегі құпия ақпараттың ашық айтылуы көңілімді түсірді. Ойымша бұл мені әуелі адам одан кейін спортшы есебінде құрметтемеу деп білемін.  Бұл – менің бағдарламамның, костюмдерімнің ақысы төленген алғашқы маусым. Жеке дәрігерім іске кіріскен бірінші маусым. Төрт құрлық чемпионатындағы күмісімнен кейін ғана спортты дамыту дирекциясына барып, жалақымды көтеруді, бапкерімнің жалақысын өсіріп, бірнеше мамандарды штатқа алуды өтіндім. Менің жалақым аз болды және көтеру жөнінде ұзақ айттым. Маған мамандардың қызмет ақысын төлеп, костюмдер сатып алу қажет еді. Мен үшін ақша – өсуіме мүмкіндік беретін құрал. Маған тек Олимпиадалық маусымда ғана қолдау көрсетілді. Алған барлық қаражатты мен тек дайындыққа бағыттадым. Бұған ешқандай күмән болмауы тиіс. Ал қазір бұл министрлік маған алтын медаль үшін есепшот ұсынғандай болып көріне ме? Бұлай болмауы керек. Ата-анам мен меценаттар 15 жыл бойы маған қаражат беріп келді, бірақ оны ешкім есепке алмайды», – деді.

Одан бөлек спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов болса қысқы Олимпиадаға бөлінді деген қаражат жөнінде: «Бүгінде ел ішінде «бір алтынның құны 13 миллиард теңге ме?» деген сөз жүр. 13 миллиард теңге тек спортшыларды Олимпиада ойындарына дайындауға жұмсалған жоқ, бұл 20 өңірде қысқы спорт түрлерімен балалардың айналысуына жұмсалды», – деп түсіндірді.

Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров биыл Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында жалпы 291.58 ұпай алып (мәнерлеп сырғанаушының жеке рекорды), жеңімпаз атанған болатын. Шайдоров 1994 жылы Лиллехамерде Владимир Смирновтан кейін араға 32 жыл салып Қазақстанға алтын медаль алып берді. Олимпиада чемпионы елге келгенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, оның бапкері Алексей Урмановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен және мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Әсем Қасанованы «Құрмет» орденімен марапаттады.

Қатысты жаңалықтар

Көксу ауданында 7 отбасы баспаналы болды

Көксу ауданында 7 отбасы баспаналы болды

26.02.2026
Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім тірегі

Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім тірегі

26.02.2026
Жалынды жастар өркендеу мен өрістеуді қолдайды

Жалынды жастар өркендеу мен өрістеуді қолдайды

26.02.2026
Жұлдызың жансын, Жақсылық!

Жұлдызың жансын, Жақсылық!

26.02.2026
Сұлулықты бояумен сөйлеткен келеді

Сұлулықты бояумен сөйлеткен келеді

26.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.