Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері Талдықорған қаласындағы №12 орта мектебінің ұжымымен кездесті. Коалиция мүшелер Жеңіс Жолдыбаев, Райхан Сисекенова және Арнай Байжұрынов сала өкілдеріне жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен басты бағыттарды таныстырды.
Кездесуде жаңа Конституцияның қоғам өмірінде қандай өзгерістер әкелетіні, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін кеңейту жолдары сөз болды. Әсіресе, спикерлердің жеке пікірлері мен тәжірибелері тыңдаушыларға ой салды, жаңа заң жобасының мән-маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Ұжым мүшелері жаңашыл бастамаларды қолдай отырып, өз ұсыныстары мен сұрақтарын да ортаға салды. Кездесу жылы, ашық пікірталас түрінде өтті, бұл өзара түсіністікті арттыруға жол ашты.
«Жетісу-Ақпарат»





