Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРНАЙЫ ЖОБА

ҚХА – 30 жыл: Медиация – татулық тірегі

3 ақпан 2025
АРНАЙЫ ЖОБА
ҚХА – 30 жыл: Медиация – татулық тірегі
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Жетісу облыстық этномедиация кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Аймақтағы әрбір аудандық, қалалық кеңестің төрағалары мен мүшелері қатысқан бұл басқосуда 2024 жылы медиация саласы бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сондай-ақ,  жиында кеңес құрамын қайта бекіту, биылғы жылдың жоспарына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралар сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, медиация институты елімізде 2015 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Басты мақсаты – этносаралық қақтығыстардың алдын алу, береке-бірлікті бекемдеп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдардың қызметіне қолдау көрсету. Осыған байланысты өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында 8 іс-шара өткізіліп,  450-ден астам адам қамтылған.

 – Медиация – татулық тірегі. Бұл кез-келген дауды үшінші бір адамның араласуы арқылы оңтайлы жолмен реттеуді көздейді. Бүгінде Жетісу өңірінде  3 кәсіби, 100 қоғамдық медиатор  жұмыс жасауда. Ал, облыстық этномедиация кеңесінің құрамында мемлекеттік қызметшілерді, мәслихат депутаттарын, ардагерлер және аналар бірлестігінің төрағаларын, БАҚ, дін және  ауылшаруашылық саласының өкілдерін қамтыған 31 мүшесі бар. Олар аймақтағы татулықты дәріптеп, басқа да жұмыстардың атқарылуына өз үлестерін қосып келеді, – дейді жауаптылар.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 11 қазанда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен еді. Сол айтулы шарада ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова 2025 жылы ҚХА-ның 30 жылдығына жоспарланған іс-шаралар атаған болатын. Тарихи датаның 30 жылдығын мерекелеу аясында елімізде және шетелде кемінде 1,5 млн адамды қамти отырып, түрлі форматтағы 150-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

                                                                               Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Қараталдық тұрғын мәслихат сайлауында соңғы болып дауыс берді

Қараталдық тұрғын мәслихат сайлауында соңғы болып дауыс берді

30 қараша 2026
Шекара маңы кластерінің мамандары сайлау учаскесіне келді

Шекара маңы кластерінің мамандары сайлау учаскесіне келді

29 қараша 2026
«Жер Жаннаты – Жетісу 2025» жобасының Гран-при иегері, блогер Дәурен Берікболов өз таңдауын жасады

«Жер Жаннаты – Жетісу 2025» жобасының Гран-при иегері, блогер Дәурен Берікболов өз таңдауын жасады

29 қараша 2026
Армрестлингтен Азия чемпионы А. Тастанов дауыc берді

Армрестлингтен Азия чемпионы А. Тастанов дауыc берді

29 қараша 2026
Сәбит Биболов Текелі қаласындағы сайлау учаскесінде дауыс берді

Сәбит Биболов Текелі қаласындағы сайлау учаскесінде дауыс берді

29 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.