Талдықорған: +7°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көмір өндіру көлемі 56,5 млн тоннаға дейін артпақ

2 наурыз 2026
КҮНДЕРЕК
Көмір өндіру көлемі 56,5 млн тоннаға дейін артпақ

baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров елдегі ірі көмір өндіруші компанияларымен кеңес өткізді. Жиында Президенттің V Ұлттық құрылтайда тапсырған міндеттерін орындау барысы талқыланды. Кездесудің басты тақырыбы – көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа Ұлттық жобаны әзірлеу болды. Жоба 33 млрд тоннадан астам қоры бар көмірді Қазақстан үшін стратегиялық маңызды ресурс ретінде бекітуге бағытталады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Вице-министрдің айтуынша, жоба тек электр энергиясын өндірумен шектелмейді. Ол саланы кешенді дамытуға негізделеді. Осы арқылы инвестиция тарту, отын-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық технологияларды енгізу және кадрлық әлеуетті күшейту көзделеді. Қазіргі болжам бойынша, 2032 жылға қарай жаңа жобалар үшін энергетикалық көмірге деген сұраныс жылына 19 млн тоннадан асады. Сондықтан өндіріс қуатын жедел арттыру қажеттігі туындап отыр.

Кеңес барысында «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының» атқарушы директоры Николай Радостовец, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Евгений Мастернак және «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның өндіріс жөніндегі директоры Павел Чувашев баяндама жасады. Олар өндірістік қуатты ұлғайту жоспарларын ұсынып, саланы цифрландыру мен инвестициялық бағдарламаларға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, «Богатырь Көмір» ЖШС 2024 жылғы 42,7 млн тонна өндіріс көлемін 2026 жылға қарай 45,2 млн тоннаға дейін, ал 2032 жылға қарай 56,5 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Компания 2032 жылға дейін ЦТТ (циклді-толассыз технология) нысандарын салуға, техника алуға және өндірісті жаңғыртуға 360 млрд теңге бағыттайды. Сонымен бірге, тиімділік пен қауіпсіздікті арттыру үшін ЦТТ-ның MES жүйесі және жүк ағындарын оңтайландыру құралдары енгізілуде.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінгше «Шұбаркөл Көмір» АҚ-та өндірісті ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. Компания 2026 жылы көмір өндіру көлемін 16,1 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді. 2026-2032 жылдарға арналған инвестициялық стратегия аясында 95,5 млрд теңге техникалық қайта жарақтандыруға және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталады. Жоспарда ЦТАК-2 (циклді-толассыз аршу кешені) құрылысының екінші кезеңін іске асыру, 49,4 млрд теңгеге жабдықтар паркін жаңарту, сондай-ақ Hovermap жүйесін және роботтандырылған автоаударғыштарды (самосвал) енгізу қарастырылған. Кеңесті қорытындылаған Ерлан Ақбаров жартылай вагондар паркін кеңейту мен теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды қатар жүргізудің маңызын атап өтті. Ол отын жеткізілімін тұрақты қамтамасыз етіп, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Бүгін, 20:52
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Бүгін, 20:46
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін, 20:10
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

Бүгін, 20:06

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.