Талдықорған: +1°C
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бабалар рухы кернеп тұр

03.03.2026
КҮНДЕРЕК
Бабалар рухы кернеп тұр

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Бұған дейінгі қай дәуірмен салыстырсаңыз да халқымыздың саяси өресі мен қоғамдық белсенділігі дәл қазір аса жоғары. Күнделікті тіршіліктегі мың-сан қиыр-шиырды былай қойып, еңселі еліміздің ертеңін байыпты бағамдап, барды бағалай, геосаясат, геоэкономика сынды тасқындардың алдын алып, желдің қайдан қатты соғарын сезінетін, ең бастысы – бірлігіміз бен тірлігімізді, бейбітшілік пен тұрлаулы тыныштығымызды арыдан безбендейтін күйге жеттік. Мұнымызға мың бір шүкір!

Міне, осы Отанымыз бен оны түлетер ұрпағымыздың келешегімен ұштасқан аңсарлы асыл мұраттарымыз Ата Заңымыздың жаңа Жобасында кеңінен қамтылған. Бұл – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың билікке келе салысымен қолға алған түбегейлі саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларының заңдық тұрғыдағы кульминациясы, логикалық биігі, рухани арқауы! Халқымыз «Ескіні жамағанның есі кетеді» дейді. Негізгі Заңның Преамбуласы-Айқындамасындағы: «Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап…» деп басталар сөлді сөйлемде әлемге өркениет таратқан бабаларымыздың мақсат-мұраттары атойлап тұр! Байырғы түріктердің Еуразия құрлығын бітімгерлік жолымен бодандықта ұстағандағы Темірқазығына айналған «Төрелік», «Жосық» заңдарының жарасымды жалғасындай. Тұнығыңды тербеп, Рухыңды ұштайды, отаншыл қалпыңды одан әрі аспандатып жібереді. Мыңжылдықтар тоғысынан тамыр тартар мемлекеттігіміздің, ұлттық болмыс-бітіміміздің ажарын айшықтайды! Тарих – ұлттың жады. Тарихи танымын бойтұмар тұтқан ұлт қана елдік шыңда сақталып, өзгелермен терезесі тең өмір сүре алмақ. Ұлт пен ұрпақ тəуелсіздігінің кепілі дейміз мұны!

Осы айқындамада басты ұстанымдарымыз түзіле келе: «Мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып…» деп басталар сөйлем де көзіме оттай басылды. Неге десеңіз, «Мәдениет» ұғымы тұңғыш рет алға шығып отыр. Адамның мәдени болмыс, адамгершілік қасиетінің өлшемі қалтасындағы пәленбай диплом, атқарар мансабына байланысты қадірленбесіне арғы-бергіде көзіміз жетуіндей-ақ жетті. Сол себепті де Ата Заңымыз қабылданған соң тура осы айдарлы да аршынды Преамбула-Айқындаманы жасымыз да, жасамысымыз да жүрегімізге жалаулата жазып, жаттап алғанымыз жөн!

Мемлекеттігіміз дамуының стратегиялық бағытын паш еткен басты Құжат арнасындағы Ел мен Жер бүтіндігі, биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы, «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін», адам құқықтары мен бостандықтары, мемлекет пен дін бөлектігі, цифрландыру, ер мен әйелдің арасындағы ерікті әрі тең құқықтық неке одағы, Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатты қорғау сияқты қағидаттар өте өміршең деп есептеймін. Осылайша азаматтық қоғамның мемлекетті басқару ісіндегі рөлі артып, Отанымыз үрдіс гүлденіп, ақ әлемдегі беделіміз жоғарылай түспек. Сондықтан да кемел болашағымызды кенен кестелейтін, бар қуат-шуақ, парасат-пайым, айдын-айбынымызды жарқыратар тарихи тұрғыдағы құтты қадам, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында тың да тұрлаулы әлеуметтік келісім жасалды деп пайымдаймыз!

Маңдайы жарқырап, тұла бойы әділет пен адалдыққа, жақсылық пен жасампаздыққа, дала демократиясына құрыштай суарылған Ата Заңымыздың жұртшылық көңілін жұбатқан аталмыш жобасына дауыс беру үшін алдағы жалпыұлттық референдумға бір атаның балаларындай қатысуға баршаңызды шақырамын!

Әміре ӘРІН,
Алматы облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Уақыт талабынан туған

Заң үстемдігі және әділетті қоғам

03.03.2026
Талдықорғанда IT мамандарды даярлайтын 1С орталығы ашылды

Талдықорғанда IT мамандарды даярлайтын 1С орталығы ашылды

03.03.2026
Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

03.03.2026
Құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шара өтті

Құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шара өтті

03.03.2026
Бабалар рухы кернеп тұр

Бабалар рухы кернеп тұр

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.