Талдықорған: +5°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлемжеліден әдеп жоғалды ма?!

04.03.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ, ҰЛТ ҰЯТЫ
Әлемжеліден әдеп жоғалды ма?!

massaget.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Әлемжеліден «әдеп жоғалды» деп жалпыға жар салып жүргелі қашан?! Қоғамға пайдалы, жастардың көзін ашатын контент көбейсе деген көңілде үміт болатын. Ал сол көптен күткен бейнероликтердің бүгінгі келбеті мен көркі қандай?!

Тегінде, телефонға телмірген заманда өсіп келе жатқан ұрпақтарға дұрыс тәлім-тәрбие беріп келеміз бе? Ақылдан адастыратын ақпараттың аламанында «Instagram», «TikTok» желілері желдей есіп келеді. Біреуіне бас сұқсаң болды бойыңды билеп алып бірнеше сағаттап отырып қаласың. Кейде, тіпті соншалықты смартфонның ішінде не бар дегің келеді. Бірақ, дұрысы, оның ішінде не жоқ?! Жақында «Желтоқсаншылар» жайлы бір жас жігіт Instagram-да сауалнама жүргізіп отырды. Оның сұрағы онша күрделі емес, бар болғаны Қайрат Рысқұлбековтың суретін көшеде жүргендерге көрсетіп «Мына кісіні танисыз ба?» дегені ғана. «Мен жастарға сенемін» деген Мағжан ақынды ұятқа қалдырған жасөспірімдер әлгі блогердің сұрау салғанына: «Жоқ, бұл адамды танымаймыз», «Бірінші рет көріп тұрмын», «Түрі таныс, жайдарманшыға ұқсайды», «Я не знаю. Может, военный какой-то!» дейді.

Шынтуайтында, жастардың осындай немқұрайдығы мен немкеттілеу көзқарасы жиі орын алып жатады. Мәселен, тағы бір блогер «Қазақтың 3 биін атаңыз» деген қысқаша бейнеролик дайындаған болатын. Оған қатысқан жасөспірімдердің жауабы қандай десеңізші?! Біреуі «Білмеймін» деп бетін жауып қаша жөнелсе, екіншісі «Қазақтың 3 биінің біреуі Қара жорғаны ғана білемін» дегені сол-ақ еді, мұндай жауапты күтпеген әлгі блогердің өзі мырс етіп күліп жіберді. Кейіннен әлгі бейнеролик миллиондаған қаралым жинады. Сонда смартфонның сыртынан смайлик жіберіп «саңқылдап» күлгендерде сан жоқ. Басым көпшілігі егде жастағылар. Бірақ, біз мұндай жағдайда жылауымыз керек еді?!

«Неге біз осы» жасөспірімдердің сүрінгенін сөз қылып, жығылғанына мәз боламыз? «Неге біз осы» жыламайтын жерде жылап, жылайтын сәттерде ішек-сілеміз қатып күлеміз? «Неге біз осы» айналамыздағы жандарға, әсіресе, жастарға жанымыз ашымайтын болған?! «Неге біз осы» өзімізден кейінгілерді кекетуге шеберміз?

Айналып келгенде осының бәрі өз басымызға келіп түспесіне кім кепіл. Одан қалса, кеткен кемшілікке кеңшілік жасамай, бәріне жастарды кінәлайтын болғанбыз. Біздің ең өрескел қателік «бұрынғылар мықты болған» деп бос мақтанға бейімделгеніміз. Яғни кейінгілерді кемсітуге даярлығымыз. Турасын айтқанда біздің буын кіл данышпан деп, ал балаларды мәңгүрттеніп барадыға балауымыз.

Кезінде сол көреген деген алдыңғыбуын өкілдерін, оның алдындағы толқын ғылым мен білімнен сәуле шашып, тас-түнекте тастамай, қараңғы қапасқа қалдырмай, болашаққа бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеді емес пе?! Ендігі кезек өзімізге келді. Жығылған үстіне жұдырық деп, жастарды жаншып-таптай бергеннен гөрі, жақсылыққа жетелеп, жол көрсететін өзіміз. Бәлкім, бозбалалар мен бойжеткендер көп дүниенің парқын білмейтін шығар. Бірақ, біз барлық кінәні өзімізден іздеуіміз қажет.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Фотографиядағы айтулы жыл. Ең алғашқы

Фотографиядағы айтулы жыл. Ең алғашқы

04.03.2026
Жетісуда бақылаушылар тобы дайындықты бастады

Жетісуда бақылаушылар тобы дайындықты бастады

04.03.2026
Орталық Азиядағы климаттық қатер: Қазақстан сақтандыру саласында көш бастады

Орталық Азиядағы климаттық қатер: Қазақстан сақтандыру саласында көш бастады

04.03.2026
Президенттің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың отбасы қара жамылды

Президенттің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың отбасы қара жамылды

04.03.2026
Ақтөбе мен Жетісу облысында жол жабылды

Ақтөбе мен Жетісу облысында жол жабылды

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.