Талдықорған: +7°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ сыйлығымен марапатталды

6 наурыз 2026
КҮНДЕРЕК
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ сыйлығымен марапатталды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген мен танымал актриса Самал Еслямова Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының беделді марапаттарына ие болды. Салтанатты шара Астана қаласында өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Димаш Құдайберген түркі әлемінің мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін айрықша атап өтілді. Оған ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары марапаты саналатын «Түркі әлемінің мәдениет елшісі» атаулы ордені табыс етілді. Айта кетерлік жайт, Димаш аталған орденмен марапатталған әлемдегі екінші тұлға. Бұған дейін бұл мәртебелі атақ түркиялық нобель сыйлығының лауреаты, профессор Әзиз Санжарға берілген болатын. Әнші өз кезегінде марапатты қабылдай отырып, мұны жеке жетістігі емес, бүкіл қазақ халқына көрсетілген құрмет және бауырлас елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың нығаю белгісі ретінде қабылдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова да ұйымның арнайы жүлдесіне ие болды. Оған түркі және әлемдік киноөнерін ілгерілетуге қосқан үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша марапат берілді. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев:

«Димаш Құдайберген музыка арқылы мәдени елші миссиясын атқарса, Самал Еслямова қазақ киносының әлем мойындаған символына айналды. Мұндай марапаттар – олардың еңбегінің лайықты бағасы», – деп атап өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аталған жетістіктердің түркі әлемінің мәдени байланыстарын нығайтудағы және қазақ өнерін халықаралық деңгейде танытудағы маңызы зор екенін алға тартты. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдыков лауреаттарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан құттықтап, олардың шығармашылығына шыңдар тіледі.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Бүгін, 20:52
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Бүгін, 20:46
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін, 20:10
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

Бүгін, 20:06

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.