Талдықорған: -6°C
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Белсенді жастар бас қосты

11.03.2026
КҮНДЕРЕК
Белсенді жастар бас қосты
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара – «Zhetysu Youth Forum -2026» өңірлік жастар форумы өтті. Ауқымды басқосу өңір жастарының басын қосып, волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлін түсіндіруге, жастарды әлеуметтік бастамаларға тартуға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

Форум жаңа Конституция аясында еріктілік қызметке қатысты енгізілген тармақтарды кеңінен насихаттау, қоғамда волонтерлік мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды референдумға қатысуға шақыру, сондай-ақ Халықаралық волонтерлер жылының ашылуын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Шара барысында қатысушылар волонтерлік қызметтің қоғам үшін маңызын тереңірек түсініп, қоғамдық белсенділікті арттыру жолдары жөнінде пікір алмасты.

Форумның басты мақсаты – жастар арасында еріктілік мәдениетін дамыту, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды насихаттау, білімге, шығармашылыққа және қоғамдық қызметке ұмтылысын арттыру. Сонымен қатар, заманауи жастардың әлеуетін таныту арқылы олардың жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету көзделді. Форумға облыстық үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, ерікті жастар қатысты. Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастар өз ойларын еркін білдіріп, қоғамдағы маңызды мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Форум барысында түрлі салада табысқа жеткен жастар мен қоғам белсенділері спикер ретінде сөз сөйледі. Олардың қатарында Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы Ұлан Наукен, «Future IT» робототехника мектебінің негізін қалаушы Дамир Нұркежанов, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының кеңесшісі, Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы бас дәрігерінің орынбасары, жас дәрігер,  әрі жастар көшбасшысы Солтанай Жәнібекте бар. Спикерлер өз сөздерінде волонтерлік қызметтің қоғамдағы орны, жастардың жауапкершілігі мен белсенділігі, еріктілік қозғалысты дамыту жолдары туралы өз ойларын ортаға салды.Олар жастарды тек білім алып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласып, түрлі әлеуметтік бастаманы қолдауға шақырды. Мәселен, Ұлан Наукен жастардың қоғамдық өмірге араласуы – елдің болашағы үшін маңызды екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, еріктілік қызмет жастарды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және қоғамға пайдалы болуға тәрбиелейді. Ал Дамир Нұркежанов заманауи жастардың тек білім мен технологияны меңгеріп қана қоймай, қоғамға қызмет ету арқылы да өз әлеуетін көрсетуі маңызды екенін айтты.

Форум барысында жастар тарапынан түрлі сұрақ қойылып, спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер берді. Бұл өз кезегінде қатысушыларға жаңа идеялар мен бастамаларға шабыт сыйлады. Кездесу тек танымдық сипатта ғана емес, мәдени бағдарламаға да ұласты. Форумның арнайы қонағы ретінде талантты әнші, эстрада жұлдызы IL’HAN қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оның өнері шараның әсерін одан әрі арттыра түсті. Жастардың басын қосқан бұл форум еріктілік қызметтің маңызын түсіндіретін, қоғамдық бастамаларды қолдайтын және жаңа идеялардың туындауына жол ашатын маңызды алаң болды. Қатысушылар волонтерлік мәдениетті дамыту, қоғамдағы белсенділікті арттыру жөнінде ойларын ортаға салып, болашақта жүзеге асыруға болатын ұсыныстарын білдірді.

Ерасыл ҚУАНЫШҰЛЫ, «Таза Эко» волонтерлік ұйымының еріктісі:

«Биыл халық аралық волонтерлер жылы болып тағайындалды. Билығы ұсынылып отырған «Жаңа Конституция» жобасында волонтерлік туралы айтылған. Бұл біз сияқты еріктілер үшін өте керемет жаңалық. Жалпы, форум туралы айтатын болсақ, бұл жерде еріктілік саласында белсенділік танытып жүрген  азаматтардың ақыл кеңестерін тыңдадық. Болашақ жастардың қолыңда. Сол үшін ертеңгі күнді бүгін жасауға атсалысайық.

Нұрай ОСПАН, студент:

«Zhetysu Youth Forum — 2026» форумы өте әсерлі әрі пайдалы кездесу болды. Бұл шара арқылы волонтерлік қызметтің қоғамдағы маңызы мен оның жастар өміріндегі рөлі туралы көптеген тың мәлімет алдым. Алдыңғы буын ағалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар беретін құнды ойлар айтты. Осындай кездесулер жастардың белсенділігін арттырып, қоғамдағы пайдалы істерге атсалысуға шабыттандырады деп ойлаймын. Болашақта мен де волонтерлік қызметке белсенді араласып, қоғамға пайдамды тигізгім қосқым келеді.

Құрмет МҰРАТБЕК , форум қатысушысы:

«Zhetysu Youth Forum- 2026» форумы жастардың басын қосқан маңызды әрі пайдалы кездесу болды деп есептеймін. Жастардың азаматтық жауапкершілігі және қоғамдық белсенділік туралы көптеген маңызды ақпарат айтылды. Мұндай кездесулер жастардың өз ойын еркін айтып, қоғамдағы түрлі мәселеге бейжай қарамай, белсенді азамат болуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Гаухар ҚАСҚАРБАЕВА, Жетісу университетінің студенті:

Кездесу өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Форумның арнайы қонағы ретінде келген сүйікті әншім IL’HAN-ның өнерін тамашалап, оның әндерін тыңдау мен үшін ерекше қуаныш болды. Осындай мазмұнды әрі қызықты кездесулер жастарға үлкен әсер беріп, жаңа бастамаларға шабыттандыратыны анық. Сондықтан жастарды белсенді болуға шақырамын.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Жоспар бойынша өңірдің аудан-қалаларында да осындай кездесу өткізіп, студенттер мен оқушыларды волонтерлік қызметке кеңінен тарту көзделіп отыр. Жалпы, «Zhetysu Youth Forum- 2026» форумы жастардың белсенділігін арттыруға, қоғамдағы еріктілік мәдениетін нығайтуға және жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған маңызды шара ретінде өз мәресіне жетті. Мұндай бастамалар қоғамның дамуына үлес қосатын жауапты әрі белсенді жастардың қалыптасуына жол ашары сөзсіз.

Айдана АМАНЖОЛҚЫЗЫ
ЖУ студенті 

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы жаңа нысандар: Мектеп пен ауруханалар саны артуда

Жетісудағы жаңа нысандар: Мектеп пен ауруханалар саны артуда

11.03.2026
Жетісу ұстаздары республикалық олимпиадада топ жарды

Жетісу ұстаздары республикалық олимпиадада топ жарды

11.03.2026
Forbes тізімі: Әлемдегі ең бай адамдардың қатарында қанша қазақстандық бар?

Forbes тізімі: Әлемдегі ең бай адамдардың қатарында қанша қазақстандық бар?

11.03.2026
Әлімханұлы командасы апелляциялық шағым дайындап жатыр

Әлімханұлы командасы апелляциялық шағым дайындап жатыр

11.03.2026
Жетісу облысында «Наурыз FEST» акциясы басталды

Жетісу облысында «Наурыз FEST» акциясы басталды

11.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.