Талдықорған: -14°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкеге қарап ұл өсер

11.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкеге қарап  ұл өсер
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде отбасы мен оқу ордасы арасындағы жұмыс жүйелі жолға қойылған. Ғасырға жуық тарихы бар байырғы білім ордасында ата-аналармен тұрақты қарым-қатынас орнатылып, оқушы тәрбиесіне ерекше мән беріліп келеді.

Жуырда осы мектепте соңғы үш жылда дәстүрге айналған «Әке – ел тірегі, отбасы – Отан тірегі» атты әкелер форумы өтті. Шараның мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы орнын дәріптеу, бала тәрбиесінің қыр-сырын талқылап, тәжірибе алмасу, өскелең ұрпақтың болашағына бағыт-бағдар беру.

Бұл бір күнде ұйымдастырыла салған жиын емес. Форум алдында, яғни 16-20 ақпан аралығында мектеп оқушыларының әкелері арасында арнайы сауалнама жүргізілген. Оған 1-4-сынып оқушыларының 261 әкесі, 5-8-сыныптардан 210, ал 9-11-сыныптардан 142 әке қатысқан. Сауалнама нәтижесі әкелердің бала тәрбиесіне бейжай қарамайтынын көрсетті. Мәселен, 5-8-сыныптағы оқушылардың әкелерінің 81 пайызы баласының оқу үлгерімі мен тәртібіне тұрақты көңіл бөлетінін білдірсе, жоғары сынып оқушыларының 76 пайызы ата-аналар балаларының тәрбиесіне әлі де көбірек уақыт бөлуі қажет екенін атап өткен.

Форум барысында мектеп директоры Раушан Байекеева баяндама жасап, жүргізілген сауалнама қорытындыларына арнайы тоқталды. Сондай-ақ, ол мектепте ұйымдастырылған Ашық есік күні аясында әкелер балаларының сабағына қатысып, сынып жетекшілерімен және пән мұғалімдерімен еркін пікір алмасуына мүмкіндік жасалғанын атап өтті. Әкелер мектептің бір күндік тыныс-тіршілігімен танысып, үзіліс кезінде ұйымдастырылған арт-терапия шығармашылық жұмыстарына, мектеп психологтары мен сынып жетекшілері өткізген тренингтер мен ойындарға белсенді қатысқан.

– Әке – отбасының ғана тірегі емес, баланың мінезі мен дүниетанымының қалыптасуына тікелей әсер ететін тұлға. Әкенің іс-әрекеті, сөйлеген сөзі, еңбекқорлығы мен жауапкершілігі балаға үлгі болады. Баласымен өткізген әрбір сәт – оның болашағына салынған инвестиция. Қамқорлық танытып, қолдау білдіріп, сенім арту арқылы әке баланың өзіне деген сенімін арттырады, – деді мектеп басшысы.

Форумның сахналық бөлімі де мазмұнды өтті. Дәнеш Рақышев атындағы халық театрының әртістері үш ұрпақ арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін драмалық көрініс ұсынып, көрерменге үлкен ой салды. Қойылымда ақылгөй ата, отбасындағы қиындыққа тап болған әке және түсініспеушілікке ұрынған ұл арасындағы байланыс көркем түрде суреттелді.

Жиын барысында сахнаға көтерілген аудандық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Талғат Теткеусізов, нарколог дәрігер Дәурен Қойбағаров, мектептің ата-аналар кеңесінің мүшесі Әбдіғани Әлімжанов және балалары мен немерелері осы мектепте білім алып жүрген басқа да әкелер мен аталар сөз сөйлеп, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Басқосудың көркін мектеп ұстаздары мен оқушыларының әкелерге арналған әндері, билері мен күйлері келтіріп, шараның мазмұндық маңызын арттыра түсті. Мұндай тағылымды кездесулер әкенің отбасыдағы орны мен жауапкершілігін айқындап қана қоймай, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайта түсетіні анық.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Ақылы жол

Ақылы жол

11.03.2026
Қасиетті келісім

Әділетті қоғамның берік негізі

11.03.2026
Бабалар рухы кернеп тұр

Жаңғыру мен дамудың даңғыл жолы

11.03.2026
Жетісуда Халықаралық волонтерлар жылы ашылды

Жетісуда Халықаралық волонтерлар жылы ашылды

11.03.2026
Әкеге қарап  ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

11.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.