Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Елде баспана саудасы қатарынан екінші ай төмендеді

14 қыркүйек 2026
ӘЛЕУМЕТ
Елде баспана саудасы қатарынан екінші ай төмендеді

7kun.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында баспана саудасы қатарынан екінші ай бойы төмендеп, белсенділіктің бәсеңдеуі байқалуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ресми мәліметке сәйкес, тамыз айында елімізде баспана сату-сатып алу бойынша 35 807 мәміле тіркелді. Аталған көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда 3,6 пайызға азайса, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бірден 13,5 пайызға төмендеген. Сұраныстың басылуына қарамастан, шаршы метрлердің бағасында баяу өсім сақталып отыр. Алғашқы нарықтағы пәтерлер тамызда 0,6 пайызға қымбаттаса, қайталама нарықтағы баспана бағасы 0,8 пайызға өсті.

Еліміздің басым бөлігінде сауда белсенділігі төмендегенімен, бес өңірде оң динамика байқалды. Атап айтқанда, Алматы қаласында мәміле саны 5,9 пайызға өсіп, 7 690-ды құрады. Қостанай облысында өсім 5,5 пайызды (1 339 мәміле), Қарағанды облысында 5,1 пайызды (2 825 мәміле) құрады.

Жетісу облысында да баспана сату-сатып алу көрсеткіші өсіп, бір айда 3,8 пайызға артты. Өңірде тамыз айында 873 келісімшарт тіркелген. Сондай-ақ Ақтөбе облысында 0,3 пайыздық сәл өсім тіркеліп, 1 384 мәміле жасалды. Сұраныстың ең айтарлықтай төмендеуі Алматы облысында байқалды, мұнда сауда көлемі бірден 21,1 пайызға азайып, 1 800 мәмілеге дейін құлдыраған. Астанада келісімшарттар саны 8,6 пайызға азайып (6 398 мәміле), Шымкентте 1,6 пайызға бәсеңдеді (1 791 мәміле).

Жылдық салыстыру тұрғысынан қарастырғанда, тек үш өңірде ғана оң нәтиже сақталған. Түркістан облысында келісімшарттар саны 9,8 пайызға, Қостанай облысында 3,3 пайызға, Солтүстік Қазақстан облысында 1,1 пайызға артқан.

Сатып алынған мүліктің құрылымына келсек, азаматтар көбіне көпқабатты үйлердегі пәтертерді таңдаған. Тамыз айында жасалған келісімдердің 27 719-ы пәтерлерге, ал 8 088-і жеке тұрғын үйлерге тиесілі. Пәтерлер арасында ең үлкен сұранысқа 1 бөлмелі баспаналар ие болды – 10 806 мәміле. Сонымен бірге 2 бөлмелі пәтерлер бойынша 10 296 келісім, ал 3 бөлмелі баспаналар бойынша 5 425 келісімшарт рәсімделген.

Мамандар сауда көлемінің азаюын маусымдық факторлармен және азаматтардың қаржылық жоспарлауға мұқият қарауымен түсіндіреді. Нарықтағы бағаның күрт өспей, сабырлы қалыпты сақтауы баспана алуды жоспарлап жүрген сатып алушылар үшін тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Оның үстіне елімізде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар мен тұрғын үй құрылысын қолдау шаралары жүйелі түрде жалғасып келеді.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.