Талдықорған: -7°C
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жансүгіров ауылында ерекше патриоттық шара өтті

13.03.2026
КҮНДЕРЕК
Жансүгіров ауылында ерекше патриоттық шара өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров ауылында ел тарихындағы маңызды саяси науқан қарсаңында ерекше спорттық әрі патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Тау баурайында өткен марафон жастар мен аудан тұрғындарының бірлігін паш етіп, мемлекеттің басты құжатына деген құрметті көрсетті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

«Әр қадам – болашаққа үлес: Ақсуда Конституция пазлы» атты жүгіру марафоны Бөрібай батыр ескерткішінің маңынан бастау алды. Қатысушылар белгіленген бағыт бойынша тау басына қарай бет алып, спорттық төзімділік пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Марафонның басты ерекшелігі – қатысушылар өздерімен бірге алып шыққан арнайы пазл элементтерінің тау басында біріктірілуі. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы кітабының үлкен бейнесі құрастырылды. Пазлдың әрбір бөлігін қоғамның түрлі саласында елеулі жетістікке жеткен азаматтар апарып орналастырды. Символикалық көрініс әрбір саланың ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесін және халық бірлігінің маңызын айқын білдірді. Шараға спорт ардагерлері, белсенді жастар және аудан тұрғындары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады.

Марафон қатысушысы Айберген Болатхан өз пікірін білдірді:

«Конституция – еліміздің дамуы мен тұрақтылығының негізі. Осындай мазмұнды іс-шаралар азаматтардың бірлігін нығайтып, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырады. Сондықтан әрбір азамат алдағы референдумға қатысып, өз таңдауын білдіруі маңызды деп есептеймін», – деді ол.

Ақсулықтардың шығармашылық бастамасы халық арасында үлкен резонанс тудырды. Мұндай қадамдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген саяси реформаларға қолдау көрсетудің және азаматтық қоғамның пісіп-жетілгенінің айғағы. Пазлдың толық жиналуы мемлекетіміздің тұтастығы мен әрбір азаматтың шешімі ел тағдыры үшін маңызды екенін ұғындырды. Марафон соңында қатысушылар ел ертеңі үшін маңызды таңдау жасауға шақырып, ұрандатты. Осылайша, Жансүгіров ауылының тұрғындары тау биігінде Конституция бейнесін құрастыру арқылы өздерінің саяси сауаттылығы мен патриоттық сезімін жаңа қырынан танытты. Спорт пен саясат астарласқан жиын өңірдегі қоғамдық-саяси мәдениеттің өскенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы күрес күшейді

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы күрес күшейді

13.03.2026
Инватакси қызметіне сұраныс артты

Инватакси қызметіне сұраныс артты

13.03.2026
Оқушылардың көктемгі демалысы: 11 күнге созылатын танымдық және тәрбиелік шаралар

Оқушылардың көктемгі демалысы: 11 күнге созылатын танымдық және тәрбиелік шаралар

13.03.2026
Анаға арналған миллиардтар: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төлем рекорд жаңартты

300 мың теңгеден жоғары зейнетақы алу үшін не істеу керек?

13.03.2026
Жансүгіров ауылында ерекше патриоттық шара өтті

Жансүгіров ауылында ерекше патриоттық шара өтті

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.