Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Құнарлы топырақ – мол өнім көзі

14.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Құнарлы топырақ – мол өнім көзі
WhatsAppTelegramFacebook

Аймақтағы егістік жерлердің көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Оның ішінде бидай, қызылша, жүгері, көпжылдық шөп өндірісі салмақты сала саналады.

Дақыл бүр жаруы үшін әуелі оның өсіп-жетілуіне климаттық жағдай, топырақ құнары және ылғалы лайықты деңгейде болуы тиіс. Содан кейінгі кезекте дақылды өсірудің агротехникалық талаптары қатаң сақталуы маңызды. Соңғы 60-70 жыл ауқымында суармалы жердің бәріне үздіксіз егін егілгендіктен алқаптардың табиғи құнары сарқылып, кейінгі жылдары оларға минералды, органикалық тыңайтқыштар сіңірілмегендіктен бітік дақыл өсіріп, мол өнім жинау мүмкін болмады. Бұл Жетісу өлкесіндегі барлық егін шаруашылықтарына ортақ құбылыс.

Жүгері тұқымы себілетін орта аймақтағы белсенді температура тұрақсыз, бір қалыпты деңгейде емес. Осыдан-ақ табиғи орта жағдайының қолайсыздау екені байқалады. Сондықтан егін пісіп-жетілгенше алқаптары жер жағдайына қарай 6-дан 10 ретке дейін суарылуы керек. Бұдан басқа алқаптар органикалық, минералды тыңайтқыштар, энтомологиялық және фитологиялық құбылыстарға қарсы жоғары дозамен өңдеуді қажет етеді. Жүгері өсіру өндірісі өркендеген өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарында «дала аруы» алқаптарының әр гектарына жыл сайын 1,5-2 тонна тыңайтқыш сіңірілетін. Ол кезде ауданға жыл сайын 40 мың тоннаға дейін минералды тыңайтқыштар әкелінді.

Соңғы жылдары өңір диқандары науқан сайын жалпы 5-6 мың тоннадан аса минералды тыңайтқыштар алып отырды. Оның 4412 тоннасы аммиак селитра, 137 тоннасы амафос, 351 тоннасы супер фас, 488 тоннасы фосфорлық тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштар алқаптардың әр гектарына 3 центнерден ғана сіңірілді. Яғни, жердің құнарын төмендетпей, қажетті органикалық және минералды тыңайтқыштарды уақытылы топырақ құрамына сіңіріп отыру шарт. Бұл бағытта Үкімет тарапынан қамқорлықтар жасалуда.

Соңғы жылдары республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған минералды тыңайтқыштар бөлінуде. Нәтижесінде аймақтағы жүгері өсірушілердің біразы тығырықтан шығып, алқабындағы агротехникалық шараларды сақтап, егістігіне минералды тыңайтқыштар сіңіруді әдетке айналдырды. Қалай десек те әр дақыл күтімді, қоректендіруді және арамшөп пен өсімдік зиянкестерінен сақтануды талап етеді. Гербицид, пестицид сияқты арамшөпті, құрттар мен өсімдік ауруларын тізгіндейтін улы химикаттар да қажет. Алайда, алқаптардағы агротехнологиялық шараларды толық сақтауға мүмкіндік бар ма? Бүгінгі жағдайда бұл мүмкін емес. Себебі, минералды тыңайтқыштар мен гербициттерді қажетті мөлшерде табу қиын және қымбат.

Елде осы бағытта жұмыс істейтін «Дарқан дала агрохимия компаниясы» ЖШС 2024 жылы Жаркент өңірінде өзінің тұрақты аймақтық филиалын ашып, Панфилов ауданы және Алматы облысындағы Ұйғыр, Кеген және Райымбек аудандарындағы егіншілерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп келеді. Серіктестіктің аймақтық менеджері Мырзағали Райымқұловтың айтуынша, биылғы егіс науқанына 10 мың тоннадан аса минералды тыңайтқыш жеткізу жоспарланып отыр. Қазір 3 вагон нитроаммофос Панфилов ауданындағы Алтынкөл теміржол бекетіне келді. Оның зауыттан шыққандағы бағасы тоннасына 276 мың теңге, Үкіметтен субсидия алатын шаруалар оны жарты бағасына, шамамен 81 мың теңгеден алады.
Бұдан басқа, Ресейден келетін карбамид (тоннасының бағасы –170 мың теңге), нитроаммофос (276 мың теңге), аммофос (285 мың теңге), диаммофос (237 мың теңге), сульфат аммониясы (130 мың теңге) әкелініп, шаруаларға сатылады. Ресейден келетін тыңайтқыштарға субсидия қарастырылған. Аталған теміржол стансысына жеткізу ақысын тыңайтқышты шығарған зауыт төлейді.

Қалған тұйық ақысын төлеу, тиеу, босаған вагонды жуып, шаю сияқты шығындар тапсырыс берген қожалықтар есебінен өтеледі. Болашақта шаруаларға қымбатқа соғатын минералды тыңайтқыштарға тәуелділіктен арылудың жолдарын іздеген тиімді. Ендеше, қожалықтар ауыспалы егін технологиясына көшкені абзал, яғни, топырақ құнарын арттыратын жоңышқа, майбұршақ, қарақұмық сияқты дақылдарды өсірген жөн.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті

ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті

14.03.2026
Құс ату маусымы ашылды

Құс ату маусымы ашылды

14.03.2026
14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14.03.2026
Құнарлы топырақ – мол өнім көзі

Құнарлы топырақ – мол өнім көзі

14.03.2026
Жетісуда жастарға арналған профилактикалық кездесу өтті

Жетісуда жастарға арналған профилактикалық кездесу өтті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.