Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу мақсатында Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласына ресми сапармен барды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Аэропортта Мемлекет басшысын Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары мен құрмет қарауыл салтанатты түрде қарсы алды. Халықаралық маңызы жоғары ауқымды шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырысқа қатысып, маңызды баяндама жасайды. Сонымен қатар екіжақты кездесулер өткізу, жаһандық сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылау жоспарланған.
БРИКС саммиті – әлемдік экономиканың даму бағыттарын айқындайтын ең беделді халықаралық диалог алаңдарының бірі. Қазақстанның аталған жиынға қатысуы елдің сыртқы саясаттағы беделін арттырып, халықаралық инвестициялар тартуға, көлік-логистикалық әлеуетті кеңейтуге және жаңа экономикалық байланыстар орнатуға зор мүмкіндік береді. Жаһандық геосаяси жағдай тұрақтылықты талап етіп отырған кезеңде Қазақстан сияқты көшбасшы мемлекеттердің пікірі мен ұсыныстары халықаралық қауымдастық үшін айрықша мәнге ие.
Сапар барысында тараптар сауда, жоғары технологиялар, энергетика, логистика және инвестиция салаларындағы бірлескен жобаларды дамыту жайын сарапқа салады. Қазақстан халықаралық ұйымдармен және дамыған елдермен сындарлы сұхбат құруды әрдайым басым бағыт ретінде ұстанады. Ауқымды басқосудың қорытындысы бойынша екіжақты және көпжақты келісімдер жасалып, бірлескен бастамалар жүзеге асырылмақ.
Халықаралық деңгейдегі мұндай жоғары дәрежелі кездесулер еліміздің жаһандық саясаттағы орнын нығайтып, өңірлік экономиканы жаңа деңгейге көтеруге оң ықпал етеді.





