Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Чемпиондардың шеберлік сабағы

13.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Чемпиондардың шеберлік сабағы
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемдік аренада Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген тәртіп сақшылары №14 орта мектепте «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларымен кездесті. Олар кадеттерге өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жеңіске жету жолы, заң мен тәртіпке қызмет ету турасында сөз етті.

Кездесуге қатысқандардың қатарында 2014 жылы Португалияда өткен халықаралық жарыстың қола жүлдегері Мәди Досмұхаметов, 2024 жылғы Әлем кубогының чемпионы Дәурен Ауданбаев, 2019 жылы Бакуде өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Шерхан Жақсылық бар. «Погон» таққан даңқты спортшылар кадеттердің қызығушылығын тудырған әңгімелер айтып, олардың Отан, заң алдындағы парыз туралы ұлағатты пікірі жас буынды шабыттандырды. Мәселен, халықаралық дәрежедегі джиу-джитсу спорт шебері Қуандық Есенеев спорттағы және қызметтегі жолы туралы айтып қатысушыларды бір серпілтсе, джиу-джитсудан спорт шебері Рүстем Ермекұлы өзін үнемі жетілдіру мен физикалық дайындықтың маңыздылығын сөз етті. Спортшы-полицейлердің айтуынша, спорт – адам мінезін қалыптастырып, ерік-жігерін шыңдайды, жауапкершілікке тәрбиелейді.

Шарада сөз алғандар Дубай қаласында өткен арнайы бөлімшелердің халықаралық UAE SWAT Challenge 2026 турнирі туралы да әңгімеледі. Жарыстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша жалпы есепте Kazakhstan C командасы бірінші орынға ие болды. Ал Kazakhstan A командасы екінші орын алып, қазақстандық күштік құрылымдардың жоғары деңгейдегі дайындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Дәл осындай тағылымды кездесу Талдықорған қаласындағы №28 IT мектеп-лицейінде жалғасты. Бұл жолы оқушылар халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 2024 жылғы Әлем кубогының чемпионы Дәурен Ауданбаевтың тағылымды әңгімесін тыңдады.

Кездесу барысында Дәурен Ауданбаев мектеп оқушыларына ішкі істер органдарындағы қызметі мен спорттағы жетістіктері туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, тәртіп, жауапкершілік және жеңіске деген ұмтылыс спортта да, қоғам игілігі үшін атқарылатын қызметте де бірдей маңызды. Сонымен қатар, кездесуде спорттың мықты мінез бен азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

– Спорт адамды шыңдап, кез келген қиындыққа қарамастан мақсатқа жетуге үйретеді. Ал полициядағы қызмет – қоғам мен Отан алдындағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан жастар салауатты өмір салтын таңдап, заңды құрметтеп, өз еліне пайда әкелуге ұмтылуы тиіс, – деді Дәурен Ауданбаев.

Полиция қызметкерінің сөзінше, спортпен шұғылдану жастардың ерік-жігерін нығайтып, төзімділік пен ел алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Мектеп оқушылары кездесуге белсенді қатысып, жаттығу процесі, халықаралық жарыстар және полиция қызметін кәсіби спортпен қалай ұштастыратыны жөнінде сұрақтар қойды.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа туынды

Жаңа туынды

13.03.2026
Қауіпсіздік қалқаны

543 адам тіркелді

13.03.2026
Ел игілігін еселейтін қадам

Ел игілігін еселейтін қадам

13.03.2026
Ойшылдар мұрасы ұлықталды

Ойшылдар мұрасы ұлықталды

13.03.2026
«Ауыл» партиясында жаңа төраға

«Ауыл» партиясында жаңа төраға

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.