«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығының 19-тармағына сәйкес Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 27 ақпандағы №16-н/қ бұйрығы негізінде облыс аумағында бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда, құр және олжалауға рұқсат етілген үйректің аталығына көктемгі аң аулау маусымы ашылады. Көктемгі аң аулау мерзімдері 15 күнге, яғни 2026 жылғы 1 наурыздан бастап 15 мамыр аралығында, аңшылық шаруашылықтардың ауа райы (климаттық) ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271-а «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жалпы лимиттен аталық үйректі алып қою мөлшері 5%-дан аспауы тиіс. Үйрек аталығы тек құс тұлыбын пайдаланып ауланады. Облыс аумағында шаруашылықтарда көктемгі аңшылық аң аулау ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Инспекцияның инспекторлары, шаруашылықтардың қорықшылық қызметінің құрамы көктемгі аң аулауды өткізуге түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Аңшылық шаруашылықтар аң аулау кезінде алқаптарда техникалық қауіпсіздікті және өртті болдырмау шараларын сақтау қажет. Аңшылық кезінде заңсыз аң аулағаны үшін ҚРәҚБ Кодексінің 382-бабына сәйкес шаралар қолданылытынын ескертеміз.
Б. Ноғайбеков,
Жетісу облыстық орман
шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының
«Жануарлар дүниесі және аңшылық
шаруашылығы
бөлімі»
басшысы





