Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәһірдің мәні — ниетте

13.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мәһірдің мәні — ниетте
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары қоғамда мәһір мәселесі жиі талқыланып жүр. Бұрын некеге тұрған кезде мәһір көбіне қарапайым сыйлық ретінде берілетін. Қазіргі уақытта оның мөлшері ерекше артып бара жатқандай. Кейбір жастар мәһір ретінде қомақты қаражат, қымбат әшекей, тіпті пәтер мен көлік сұрайтынын көріп те, естіп те жүрміз. Бұл әрекет көпшілікті «Шариғатта мәһір осылай болуы керек пе?» деген дүдәмал сұраққа жетелейді.

Ислам дінінде мәһір – некенің маңызды шарттарының бірі. Кейбір жастар мәһірдің мәнін дұрыс түсінбей жатқаны анық. Негізінде мәһрдің құндылығы оның бағасында емес, ниетінде. Аз болса да шынайы ықыласпен берілген мәһір – берекелі отбасының бастауы. Ал тым үлкен мөлшер кейде екі жастың арасында түсініспеушілік тудыруы да ықтимал. Сондықтан бүгінгі жастар мәһірдің мәнін дұрыс түсінгені жөн. Ол – материалдық жарыс емес, екі жастың арасындағы сыйластық пен жауапкершіліктің белгісі. Ислам діні де некені жеңілдетуді, ал мәһірдің шамадан тыс ауыр болмауын құптайды. Алайда, қазіргі таңда мәһірдің мәнін толық түсінбей, оны жай ғана сыйлық сұрау деп қабылдап, ойға келген материалдық құндылықтарды талап ететіндер көптеп кездеседі.

Көптің көкейіндегі өзекті сұрақ. «Әйел адамның өз ер-азаматынан мәһір ретінде қымбат зат сұрауы дұрыс па, бұрыс па?» Мәһірдің құндылығы некенің беріктігіне әсер ете ме, әлде ол тек мақтаншақтық пен көрсеқызарлықтың көрінісі ме? Осы сұрақтарға жауапты Ислам тұрғысынан алғанда, мәһір – неке кезінде ер адамның әйеліне беретін сыйы ғана емес, сонымен қатар оның болашағына деген қамқорлығы. Егер ер адам өмірден өтіп кетсе, әйел қиындық көрмей, мәһірге алған затымен күн көруі керек. Бұл осы мақсатта берілетін дүние. Яғни, мәһір – ер адамның әйеліне деген жауапкершілігін, құрметін және оның болашағын ойлағанын білдіретін аманат. Әрине, болашақты ойлаған дұрыс. Алайда сый сұраған кезде өмірлік серігінің мүмкіндігі мен жағдайын да ескерген жөн. Бүгінде әлеуметтік желілерде қалыңдықтың күйеу жігітінен қымбат зат сұрауы туралы бейнероликтер жиі таралуда. Осындай бейнероликтердің пікірлерін оқи отырып, көптеген ер-азаматтың намысына тиіп жатқанын байқауға болады. Бұл қоғамдағы діни сауаттылықтың әлі де толық қалыптаса қоймағанының айқын көрінісі іспетті.

Мерей МЫРЗАХАН, қала тұрғыны:
– Неке қиылар кезде мәһірге «Toyota Camry» көлігін алғым келетінін айттым. Жолдасым да сол тілегімді орындап, осы көлікті алып берген болатын. Ол уақытта мұның бәрі маңызды болып көрінді. Бірақ уақыт өте келе өмірдің мәні тек материалдық дүниеде емес екенін түсіндім. Бұл өтінішім жолдасымның қаржылық жағдайына айтарлықтай соққы келтірмеді. Мен мәһір сұрау алдында жолдасымның мүмкіндігін ескердім. Қазір балаларымды тәрбиелеп отырған жас анамын. Сондықтан жастар мәһрдің қымбат болуына емес, отбасындағы сыйластық пен махаббатқа көбірек мән бергені дұрыс деп ойлаймын.

Еркежан ЕРҒАЛЫМҚЫЗЫ, жас ана:
– Мен мәһір ретінде қарапайым ғана күміс сақина сұрадым. Бастапқыда тұрмысымыз қарапайым болды. Күйеуім екеуіміз бірге еңбектеніп, бірге өсіп, бірге көтерілдік. Уақыт өте келе жолдасым қымбат сыйлықтар жасап жүр. Мәһірді ер-азаматтың соңғы сыйлығы деп есептемеймін. Менің ойымша, сыйлықтың аса қымбат болғаны маңызды емес. Қымбат сый алып, соңында ажырасып жатқан отбасылар баршылық. Ең бастысы – екі адамның арасындағы махаббат, түсіністік пен сыйластық. Егер отбасы осы құндылықтарға негізделсе, онда кез келген шаңырақ берік болады.

Шариғат бойынша мәһірдің белгіленген ең төменгі мөлшері – 10 дирхам. Бұл алтынның грамымен есептегенде шамамен 4,125 граммға тең болады. Яғни, бұл – ең аз мөлшері, ал одан жоғары көлемде беруге шектеу қойылмайды. Егер мәһір сұралған кезде күйеу жігіт оны бірден бере алмаса, неке бұзылмайды. Сондай-ақ, мәһір сұралмаған жағдайда да неке шарты толық орындалған болып саналады. Сондықан біз облыстық «Иман» орталық мешітінің наиб имамы Табарак Қамитпен сөйлестік. Оның айтуынша: – Шариғат бойынша мәһір мәселесіне отбасы мүшелерінің араласуына рұқсат етіледі. Ата-анасы қызына мәһір белгілеу немесе алу мәселесінде өз пікірін айтып, араласа алады. Айтылған мәһірді мүмкіндігінше бірден берген абзал. Неке қиылғаннан кейін әйелінің сұраған дүниесін тезірек алып беру – ең жақсы амалдардың бірі. Бұл – ер адамның міндеті. Алайда ,ерлі-зайыптылар өзара келісіп, мәһірді бөліп-бөліп беруге де болады, – дейді наиб имам.

Мәһір – құндылығы ақшада, затта емес, ниеттегі шынайылық пен қамқорлықта жатыр. Қарапайым сый да отбасының бірлігін, сенімділігін және өзара құрметін нығайта алады. Сондықтан жастарға мәһірді тек қымбат зат ретінде қарастырмай, махаббат пен түсіністіктің көрінісі деп қабылдаған абзал. Шаңырақтың шаттыққа толуы,отбасының берекелі болуы,екі жастың мөлдір махаббат мәһірдің құнында емес. Ниет, сыйластық, сезімнің құны бәрінен қымбат әрі бағалы екенін ұмытпайық.

Айдана АМАНЖОЛҚЫЗЫ
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

Жаңа туынды

Жаңа туынды

13.03.2026
Қауіпсіздік қалқаны

543 адам тіркелді

13.03.2026
Ел игілігін еселейтін қадам

Ел игілігін еселейтін қадам

13.03.2026
Ойшылдар мұрасы ұлықталды

Ойшылдар мұрасы ұлықталды

13.03.2026
«Ауыл» партиясында жаңа төраға

«Ауыл» партиясында жаңа төраға

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.