Текелі қаласында маңызды саяси науқан – референдум күні халықтың азаматтық таңдауын еркін әрі кедергісіз жүзеге асыруы үшін барлық жағдай жасалды. Соның ішіндегі ең маңызды бастамалардың бірі ретінде қоғамдық көліктің тегін қызмет көрсетуін атап өтуге болады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бүгін қаладағы барлық бағыт бойынша қатынайтын автобустар таңғы сағат 07:00-ден кешкі 19:00-ге дейін тұрғындарды ақысыз тасымалдап жатыр. Бұл қадам халықтың сайлау учаскелеріне еш қиындықсыз жетіп, ел тағдырына қатысты таңдау жасауына жол ашады.
Әсіресе, бұл жеңілдіктің келесі топтар үшін маңызы зор:
- Қала шетінде тұратын азаматтар;
- Қарт кісілер мен зейнеткерлер;
- Көпбалалы отбасылар.
Қоғамдық көліктің тегін жүруі тұрғындардың белсенділігін арттырып, сайлау учаскелеріне бару процесін айтарлықтай жеңілдетті. Бұл – халыққа көрсетілген нақты әлеуметтік қолдаудың бір түрі.





