Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев референдумға қатысты

15 наурыз 2026
КҮНДЕРЕК
«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев референдумға қатысты
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы бұл референдумның Қазақстанның болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті, – деп, хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елдің азаматы ретінде өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жаңа Конституциямыз бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, дауысымды бердім. Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін, Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, – деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Айта кетейік, өңірдегі сайлау құқығына ие адамдардың саны 437 мыңнан асады, оның 2600-ге жуығы — алғаш рет дауыс берушілер. Облыста 468 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеуде. Олардың 40-ы – әскери бөлімдер, шекара заставасы, медициналық мекемелер мен пенитенциарлық жүйелер мекемелері сияқты дауыс берушілердің белгілі бір бөлігіне арналған нысандар.  Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған: дауыс беру кабиналары, стационарлы және жылжымалы жәшіктер дайындалды, сондай-ақ қоғамдық бақылау жүргізуге жағдай жасалған.

Ерекше қажеттілігі бар жандардың кедергісіз дауыс беруіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Атап айтқанда, 467 учаске бірінші қабатта орналасқан, тактильді көрсеткіштер, пандустар, мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтарға арналған арнайы кабиналар, сондай-ақ көру қабілеті төмен адамдарға арналған үлкейткіштер мен трафареттер орнатылған. Облыс орталығында 33 «Инватакси» көлігі қызмет көрсетуде, сондай-ақ 30 сурдоаудармашы тартылған.

Референдумның ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында 479 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Олардың 11-і аумақтық, 468-і учаскелік комиссиялар. Жалпы, дауыс беру процесін қадағалап, ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыруға 2 989 комиссия мүшесі қатысуда. Референдумды бақылау үшін облыста 6 қоғамдық бірлестік аккредитацияланған.

Жалпы, бүгінгі күні сайлау учаскелерінің барлығы стендтермен, ақпараттық және методикалық материалдармен, жаңа Конституция жобасының екі тілдегі нұсқасы басылған плакаттармен жабдықталған. Сайлаушыларды тіркеуді растайтын 186 онлайн-сервис және Талдықорған қаласында уақытша тіркеу бойынша қаланың 5 мектебінде 5 сервис ашық тұр.

Дауыс беруге бірінші келген сайлаушыға, сол сияқты алғаш рет дауыс беруші және жасы ең үлкен сайлаушыға арнайы естелік сыйлықтар қарастырылған. Сонымен қатар бүгін облыстың аудан орталықтары мен қалаларында қоғамдық көлікпен жүру тегін.

Жалпы, барлық сайлау учаскелері сағат кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.