Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл №419 референдум учаскесіне отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасады.
Қала әкімі ел болашағына қатысты шешімдерде әр азаматтың белсенділігі маңызды екенін атап өтті.
– Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде. Біз де отбасымызбен келіп, азаматтық борышымызды орындадық, – деді қала әкімі.
Ернат Дүйсенбекұлының айтуынша, мұндай маңызды саяси науқандар қоғамның бірлігін нығайтып, елдің тұрақты дамуына өз үлесін қосады.





