Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан №51 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Дауыс берген соң Президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, бұл күннің еліміздің дамуы мен болашағы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
– Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Бұл тарихи құжат азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Жаңа Конституция еліміздің тұтастығын, тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға бағытталған. 1995 жылы қабылданған Конституция 35 жыл ел өмірінде ерекше рөл атқарды, бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдау қажет болды. Мен осы жұмысқа белсене қатыстым, преамбула мен басқа нормаларды өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне қызмет етеді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Брифинг барысында Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді.






