Ауданда 50-ге жуық аналардан құралған «Ақ әжелер» ансамблі халық арасында ерекше құрметке ие. Ансамбль мүшелері аудан көлемінде өтетін ауқымды мәдени іс-шараларда өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтарды насихаттап келеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Белсенді әжелер саяси науқандардан да тыс қалған емес. Референдумның маңыздылығын терең түсінген олар сайлау күні өз таңдауларын жасады. Ұлттық нақыштағы әсем киімдерін киген әжелер Наурыз мерекесінің онкүндігі мен жұртшылықты құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Айта кетейік, ансамбль мүшелері әртүрлі округтердің тұрғындары болғандықтан, олар №147, №153, №159 және №166 сайлау учаскелерінде дауыс берді.






