Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Халқымыздың бай мұрасын ұлықтады

17.03.2026
КҮЛТӨБЕ
Халқымыздың бай мұрасын ұлықтады

Қанат МАҚАНҰЛЫ

WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ретінде аталып өтті. Бұл – халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ұлттық болмысымызды айшықтайтын, ата-бабадан қалған асыл мұраларды дәріптейтін ерекше мереке.

Осы атаулы күні Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі «Ұлттық рухтан – жаңашылдыққа» атты көрме ұйымдастырды. Музей қызметкері Қалқаман Әбдірахманұлы келген қонақтарға шараның маңызы жайлы айтты. Көрме – қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық бұйымдары мен олардың бүгінгі замандағы баламаларын салыстыруға арналды.

Көрменің басты мақсаты – ұлттық мұраның уақыт өткен сайын жоғалмай, керісінше жаңарып, жаңа технологиялармен үндесе отырып қазіргі қоғам өмірінде өз жалғасын тауып келе жатқанын көрсету. Қазақ халқының тұрмысында кеңінен қолданылған торсық, бесік, кісе белдік, күбі, келі-келсап, саба, қазан секілді құнды жәдігерлер ұсынылған. Көрменің тағы бір ерекшелігі – қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалануында.

Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай көрме алғаш рет жасанды интеллект көмегімен таныстырылып, арнайы дайындалған бейнебаян ұсынылды.

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Салт-дәстүр және тұрмыс» атты кең көлемді кітап көрмесін қойды. Наурыз мерекесінің тарихы мен маңызын кеңінен насихаттап, қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен рухани мұрасын жас ұрпаққа таныстыруды мақсат еткен көрмеге облыстық мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері, облыстық полиция департаменті жанындағы «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары және колледж студенттері қатысты. Қатысушылар ұлттық мәдениеттің мәні туралы тың мәлімет алып, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысты.

Кітапхана қызметкері Лина Айдынқызының айтуынша, көрмеге 100-ден астам кітап, ғылыми еңбек пен танымдық басылымдар ұсынылған. Мұндағы әдебиеттерде Наурыз мерекесінің шығу тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлттық дүниетаным мен отбасылық тәрбие мәселелері кеңінен қамтылған. Сонымен қатар көрмеде қазақтың күй өнері, халық әндері, дәстүрлі музыкалық аспаптары туралы әдебиеттер және асық ату, тоғызқұмалақ, алтыбақан, көкпар секілді ұлттық ойындардың тарихы мен тәрбиелік мәні жайлы еңбектер де қойылған.

Наурызнаманың онкүндігі аясында өткен бұл шара ұлттық құндылықтарды насихаттап, оқырмандарды кітап арқылы халқымыздың бай мұрасын тануға үндейтін тағылымды мәдени бастама болды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

eGov Business: Кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

eGov Business: Кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

17.03.2026
7 млн-нан астам ауыл тұрғыны үшін қоқыс шығару жүйесі реттелмек

7 млн-нан астам ауыл тұрғыны үшін қоқыс шығару жүйесі реттелмек

17.03.2026
Соғыс пен табиғи апат: Газа секторында құмды дауыл соқты

Соғыс пен табиғи апат: Газа секторында құмды дауыл соқты

17.03.2026
Respublica партиясының республикалық референдум қорытындысы бойынша мәлімдемесі

Respublica партиясының республикалық референдум қорытындысы бойынша мәлімдемесі

17.03.2026
«Жалған мәліметтер ұсынған»: Жол саласында 11 млрд теңге үнемделіп, бақылау күшейтілді

«Жалған мәліметтер ұсынған»: Жол саласында 11 млрд теңге үнемделіп, бақылау күшейтілді

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.