Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Кәсіпқой бокс: Сәкен Бибосынов алғашқы титулына таласады

18 наурыз 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Кәсіпқой бокс: Сәкен Бибосынов алғашқы титулына таласады

Фото: Ben McShane / Sportsfile via Getty Images

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандық танымал боксшы, әлемнің екі дүркін чемпионы және Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізуге дайындалып жатыр. Бұл жолы отандасымыз өз мансабындағы алғашқы маңызды титул үшін қолғап түйістіреді. Спортшының қатысуымен өтетін айқас жанкүйерлер үшін үлкен жаңалық болып отыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы sportbugin.kz парақшасына сілтеме жасап.

Бибосыновтың қарсыласы – индонезиялық былғары қолғап шебері Сурия Дхарма. Қарсыластың кәсіпқой рингтегі рекорды жаман емес, ол осы уақытқа дейін 4 жеңіске жетіп, оның үшеуін нокаутпен аяқтаған. Екі мықты спортшы арасындағы тартысты кездесу 17 сәуір күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтеді. Боксшылар WBA Asia белбеуі үшін бақ сынайды.

Сәкен Бибосынов үшін аталған жекпе-жек өте маңызды сынақ болмақ. Спортшының айтуынша, ол кәсіпқой рингте алғаш рет он раундқа созылатын айқасқа жоспарланған.

«Титулдық жекпе-жекке дайынмын. Аталған кездесу мен үшін он раундқа жоспарланған алғашқы айқас болады. Қарсыласым өте мықты», – деп атап өтті боксшы өз сөзінде.

Аталған сәт Сәкеннің физикалық дайындығы мен төзімділігін жаңа деңгейде көрсететін мүмкіндік.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамдарын сәтті бастаған болатын. Ол 2025 жылдың 20 шілдесінде Бішкекте өткен дебюттік жекпе-жегінде филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта-ақ сұлатып түсіріп, сенімді жеңіске жетті. Кейіннен екінші кездесуінде жергілікті боксшы Адилет Качкынбековпен жұдырықтасып, төрешілердің ортақ шешімімен басым түскен еді.

Қазіргі таңда қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің кәсіпқой бокстағы беделі жоғары. Сәкеннің қадамы оның алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі негізгі титулдарға таласуына жол ашпақ. Жанкүйерлер Сәкен Бибосыновтың кезекті жеңісін асыға күтеді және оның WBA Asia белбеуін иеленетініне сенімді.

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.