Қазіргі цифрлық дәуірде ақпараттық қауіпсіздік мемлекеттің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Бұл тұрғыда криптология мамандығы ерекше маңызға ие. Қазақ ұлттық университеті сапалы білім беру, ғылыми зерттеулер және криптология саласындағы заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру арқылы елдің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буын мамандарын даярлайды.
ҚазҰУ-да оқытудың барлық деңгейлерінде «Криптология» білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама заманауи талаптарға сәйкес әзірленген және мемлекеттің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандарды даярлауға бағытталған. Университетте «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасы және «Криптология және киберқауіпсіздік» ғылыми институты жұмыс істейді. Бұл құрылымдар білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін біртұтас жүйеге біріктіруге және студенттердің теориялық білімдерін практикалық дағдылармен біріктіруге мүмкіндік береді.
Криптологияны оқыту терең математикалық дайындыққа негізделген. Студенттер сандар теориясын, дискретті математиканы, алгоритмдер және мәліметтер құрылымын, криптографиялық алгоритмдерді, ақпараттық қауіпсіздікті және желілік технологияларды үйренеді. Зертханалық сабақтарға ерекше көңіл бөлінеді. Университетте «Криптология» арнайы зертханасы жұмыс істейді, онда желілік қауіпсіздікті модельдеуге және бағдарламалық криптография құралдары кешендері орнатылған. Оқу барысында студенттер шифрлау жүйелерін құрастырады, криптографиялық алгоритмдерді бағдарламалайды және ақпараттық қауіпсіздік механизмдерін сынақтан өткізеді.
ҚазҰУ Криптология бағыты бойынша халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытуда. Шетелдік профессорлар дәріс оқуға тартылып, ғылыми жобалар іске асырылады. Криптология саласында кадрлар даярлаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізіледі. Бүгінде криптология мамандығының түлектері мемлекеттік органдарда, ұлттық қауіпсіздік құрылымдарында, қаржы секторында және IT-компанияларда сұранысқа ие. Бұл жоғары жауапкершілікті, терең білімді және аналитикалық ойлауды қажет ететін бағыт.
«Киберқауіпсіздік және криптология»
кафедрасының меңгерушісі Ә.Т.Турарбек
«Киберқауіпсіздік және криптология»
кафедрасының аға оқытушысы Д. А. Назарбаев





