Петропавлда әйелдер командалары арасында 4-үлкен тур ойындары өтіп жатыр. «Жетісу» волейбол клубы екінші ойын күні «Қарағанды» командасын 3:0 (25:21, 25:20, 25:19) есебімен жеңді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Жетісуға» бұл ойын оңайға соқпағандығы анық. Матч алдында команда ойыншылары Кристина Белова, Елизвета Сырова, Мария Сырыгина денсаулығына байланысты қатыспады. Орталық тосқауыл қоюшы рөлін диагональды шабуылшы Перизат Нұрбергенова орындап, жаңа шепте жақсы ойын көрсетті. Ол 8 ұпай (1 эйс, 4 шабуыл, 4 тосқауыл) алды. Ал команда сапынан үздік көрсеткішке Татьяна Никитина (17 ұпай – 14 шабуыл, 3 тосқауыл) ие болды. Одан кейін Мария Фроловамен (13 ұпай – 1 эйс, 12 шабуыл) команда капитаны Кристина Аниконова (13 ұпай – 2 эйс, 8 шабуыл, 3 тоқсауыл) үздік нәтижемен көзге түсті.
– Бүгінгі ойын оңайға соққан жоқ. Командамыздағы негізгі ойыншылар денсаулықтарына байланысты қатыса алмады. Орталық тосқауыл қоюшы шебінде осыған дейін ойнап көрген емеспін. Бүгін бірінші рет шықтым. Сәтті болды деп айта аламын. Қиын сәтте жол тауып, қиыстыра білген бапкерлерге және ойыншыларға ризамын. Келесі ойындада жеңіс үшін барымызды саламыз, – дейді «Жетісу» волейбол клубының ойыншысы Перизат Нұрбергенова.
Бүгінгі ойынның статистикасына қарсақ.
«Жетісу»:
Шабуыл – 45 пайыз.
Тоқсауыл – 17.
Эйс – 6.
«Қарағанды»:
Шабуыл – 36 пайыз.
Тосқауыл – 7.
Эйс – 1.
Теріскейде өтіп жатқан турдың ертең демалыс күні. «Жетісу» командасы одан кейін «Ақтөбе» жене алаң иесі «Қуанышпен» ойнайды. Бұл соңғы тур. Одан кейін сәуірдің басында Астанада биылғы маусымның жеңімпазын анықтайтын плей-офф кезеңі болады.





