Талдықорған: +12°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ағаштан түйін түйген

29.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ағаштан түйін түйген
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда облыстық білім басқармасына қарасты Балалар көркемсурет мектебінде ағаштан түйін түйген Мұратхан Әбділдаевтің жеке шығармашылық кеші мен көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында шебердің көп жылдық еңбегінің жемісі саналатын туындылары көрермен назарына ұсынылып, шәкірттерінің қатысуымен «Өнермен өрнектелген өмір» атты байқау мен батик өнері бойынша шеберлік сабағы өтті.

Суретшінің өнерге деген сүйіспеншілігі бала кезден қалыптасты. Мектеп қабырғасында-ақ бейнелеу өнеріне ерекше қабілетімен көзге түскен Мұратхан кейін бұл жолды өмірлік мамандыққа айналдырып, кәсіби суретші ретінде қалыптасты. Оның бойындағы шығармашылық қабілет отбасынан дарыған десек те болады. Анасы Рахат – елге белгілі қолөнер шебері болған. Ши тоқу, киіз басу, сырмақ пен текемет жасау, құрақ құрау сияқты ұлттық қолөнер түрлерін шебер меңгерген анасының өнері жас Мұратханның көркемдік талғамының қалыптасуына зор ықпал етті.

Кейіннен ол бейнелеу өнерінің түрлі бағытын меңгеріп, сурет, графика, кескіндеме, батик және ағаш ою өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Әсіресе суретшінің бедерлі ағаш ою техникасында орындалған шығармалары ерекше бағаланады. Ағаш ою – үлкен төзімділік пен шеберлікті қажет ететін күрделі өнер. Мұратхан Әбділдаев бұл салада ұлттық нақышты терең түсініп, оны заманауи көркемдік тәсілдермен үйлестіре білді.

Шебердің туындыларына қараған адам ең алдымен ұлттық рух пен тарихи жадының үнін сезінеді. Оның шығармаларында қазақ халқының ұлы тұлғалары, батырлары мен өнер қайраткерлері көркем бейнеленеді. Мысалы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлы, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Қастеев, күй өнерінің бұлбұлы Дина Нұрпейісова, әйгілі суретші Айша Ғалымбаева, ақын Фариза Оңғарсынова сияқты тұлғалардың бейнесі шебердің шығармаларында ұлттық бояумен, ерекше көркемдік шешіммен берілген.

Мұратхан Әбділдаевтің туындыларында қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері басты көркемдік элементтердің бірі саналады. Суретші оюдың әрбір бөлшегі арқылы композицияның мазмұнын ашып, көркем туындының философиялық астарын тереңдете түседі. Көне таңбалар, табиғи материалдар, ұлттық символдар оның шығармаларына ерекше мән мен мағына береді.

Суретшінің көптеген жұмысында қазақ мәдениетінің символына айналған жылқы бейнесі де жиі кездеседі. «Ер қанаты – ат» деген халық даналығы суретшінің шығармаларында көркем бейнеге айналып, еркіндік пен ерлік рухын паш етеді.

Мұратхан Әбділдаевтің шығармалары Қазақстанның көптеген қаласында өткен көрмелерге қойылып, өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болды. Оның еңбектері ұлттық өнердің мазмұнын жаңғыртып, көркемдік тұрғыдан жаңа тыныс берген туындылар ретінде бағаланып келеді.

Суретші шығармашылықпен қатар ұстаздық қызметті де абыроймен атқарып келеді. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ұзақ жыл бойы жас суретшілерге білім беріп, өнердің қыр-сырын үйретіп келеді. Бүгінде өзінің өнер студиясында да шәкірт тәрбиелеп, жас таланттардың шығармашылық жолына бағыт-бағдар беруде. Төккен терінің арқасында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Көркем академиясының корреспондент мүшесі, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің академиялық доценті, педагогика ғылымдарының магистрі сияқты міндеттерді атқаруда.

Өнер иесінің шығармашылығы – қазақ халқының мәдени мұрасын жаңғыртып, ұлттық рухты дәріптеуге арналған еңбек. Оның туындылары тек көркемдік құндылық қана емес, сонымен бірге халықтың тарихы мен дүниетанымын бейнелейтін рухани мұра. Алпыс жылдық мерейтой белесіне жеткен суретшінің шығармашылық жолы – еңбек пен ізденістің, талант пен табандылықтың айқын үлгісі. Мұратхан Әбділдаев алдағы уақытта да ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп, жаңа туындыларымен қазақ бейнелеу өнерін байыта беретіні сөзсіз.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

29.03.2026
Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
Likke тәуелді  сана

Likke тәуелді сана

29.03.2026
Адалдық – адамдық белгісі

Адалдық – адамдық белгісі

29.03.2026
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.