Талдықорған: +16°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сәннің соңында саулық қалып қоймасын
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары Қазақстанда лазерлік эпиляция қызметіне деген сұраныс айтарлықтай артты. Бұрын бұл процедура тек ірі қалалардағы қымбат клиникаларда ғана жасалатын болса, бүгінде ол сұлулық салондарының ең көп ұсынылатын қызметтерінің біріне айналды.

Қаланың қай көшесіне көз салсаңыз да эпиляция орталықтарын кездестіруге болады. Әлеуметтік желілерде «мәңгілік тегіс тері», «түктерден біржола құтылу» деген жарнамалар да көбейген. Сырттай қарағанда бұл процедура сұлулыққа жетелейтін оңай жолдай көрінеді. Алайда жылтырағанның бәрі алтын емес. Кез келген косметологиялық қызмет секілді лазерлік эпиляцияның да өзіндік талаптары мен қауіптері бар.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары елімізде сұлулық индустриясы қарқынды дамып келеді. Ашық деректерге сүйенсек, Қазақстанда мыңдаған сұлулық салоны жұмыс істейді және олардың басым бөлігі лазерлік эпиляция қызметін ұсынады. Кейбір зерттеулер бұл процедураға деген сұраныс соңғы бес жылда бірнеше есе артқанын көрсетеді. Әсіресе 18-35 жас аралығындағы әйелдер арасында бұл қызметке қызығушылық жоғары. Қазіргі қоғамда күтімді сырт келбет, тегіс әрі таза тері эстетикалық стандарттардың біріне айналып барады. Соның әсерінен лазерлік эпиляция көптеген әйел үшін күнделікті күтімнің бір бөлігіне айналып отыр.

Лазерлік эпиляция – терідегі қажетсіз түктерді лазер сәулесінің көмегімен азайтуға бағытталған косметологиялық әдіс.

Процедура барысында лазер сәулесі түктің құрамындағы меланин пигментіне әсер етеді. Жарық энергиясы жылуға айналып, түк фолликуласын қыздырады. Нәтижесінде түктің өсуіне жауап беретін жасушалар әлсірейді. Бұл процесс түктің қайта өсуін баяулатып, уақыт өте келе олардың сиреуіне әкеледі.

Алайда көпшілік ойлағандай, бұл процедура бір рет жасалғаннан кейін толық нәтиже бермейді. Себебі адам ағзасындағы түктер әртүрлі өсу кезеңінде болады. Бір бөлігі белсенді өсіп тұрса, енді бір бөлігі тыныш күйде болады. Лазер тек белсенді өсу кезеңіндегі түктерге ғана әсер етеді. Сондықтан толық нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше сеанс қажет. Әдетте косметологтар 6-10 процедурадан тұратын толық курс ұсынады. Әр процедура арасындағы уақыт шамамен төрт-алты аптаға созылады.

Алғашқы сеанстардан кейін түктердің өсуі баяулай бастайды, ал бірнеше процедурадан соң олардың тығыздығы айтарлықтай азаяды.

Косметолог Наталья Шаркаеваның айтуынша, нәтиже әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Бұл адамның тері түсіне, түктің қалыңдығына, гормоналды жағдайына және аппараттың сапасына байланысты. 1-2 процедурадан кейін түктердің өсу қарқыны баяулайды. 4-6 сеанстан кейін олар айтарлықтай сирейді. Ал толық курс аяқталған соң түктер ұзақ уақыт бойы өспеуі немесе өте сирек шығуы мүмкін. Сонымен қатар лазерлік эпиляция барлық жағдайда бірдей жасала бермейді. Егер теріде қабыну, жара немесе инфекция болса, процедураны кейінге қалдыру қажет. Күнге қатты күйген теріге лазер қолдану ұсынылмайды. Кейбір тері аурулары бар адамдарға немесе гормоналды өзгерістері бар науқастарға процедура алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажет. Себебі дұрыс бағаланбаған жағдайда теріде күйік, тітіркену немесе пигментация пайда болуы ықтимал.

Көпшілікті алаңдататын тағы бір мәселе – лазерлік эпиляцияның денсаулыққа ұзақмерзімді әсері. Кей адамдар бұл процедура қатерлі ісікке әкелуі мүмкін деп қауіптенеді. Алайда, қазіргі ғылыми зерттеулер мұндай байланысты дәлелдеген жоқ. Лазер сәулесі терінің терең қабаттарына өтпейді, негізінен үстіңгі қабатына және түк фолликуласына ғана әсер етеді. Дегенмен, теріде күмәнді мең немесе ісік тәрізді өзгерістер байқалса, процедура жасамас бұрын дәрігерге қаралған дұрыс.

Баға мәселесі де тұтынушылар үшін маңызды. Лазерлік эпиляция құны өңделетін аймаққа байланысты өзгеріп отырады.

Мысалы, қолтық аймағы шамамен 5-15 мың теңге аралығында болса, бикини аймағы 10-35 мың теңге болуы мүмкін. Ал аяқтың толық аймағын өңдеу 25-60 мың теңге шамасында тұрады. Бір ғана процедура жеткіліксіз болғандықтан, толық курсқа кететін жалпы шығын кей жағдайда 60 мыңнан 300 мың теңгеге дейін жетеді.

Процедурадан кейін теріні дұрыс күту де маңызды. Мамандар бірнеше күн бойы күн сәулесінен қорғануды, солярийге бармауды және теріні тітіркендіретін косметикалық құралдарды қолданбауды ұсынады. Егер осы ұсыныстар сақталса, процедура әдетте қауіпсіз әрі тиімді өтеді.

Дегенмен, тәжірибеде жағымсыз жағдайлар да кездесіп жатады. Мәселен, Талдықорған қаласының тұрғыны Дильназ есімді бойжеткен лазерлік эпиляциядан кейін күтпеген жағдайға тап болғанын айтады. Айтуынша, процедурадан кейін бірнеше сағат өткен соң терісі қызарып, күйіп кеткендей ауырған. Кейін дәрігерге қаралған кезде жеңіл күйік алғаны анықталған. Бұл жағдай оған салон таңдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірген. Яғни, мұндай жағдайлар көбіне аппарат дұрыс таңдалмаған кезде немесе процедураны тәжірибесі жеткіліксіз маман жасағанда орын алады. Кейде тері түрі дұрыс бағаланбай, лазердің қуаты шамадан тыс қойылуы да осындай асқынуға себеп болады.

Лазерлік эпиляциядан кейін жақсы нәтиже алған адамдар да аз емес. Солардың бірі – талдықорғандық Айдана есімді бойжеткен. Ол шамамен 7 сеанс жасатқаннан кейін денедегі түктердің сирегенін айтады. Бұрын жиі қырынуға мәжбүр болғанын, ал қазір түктер өте баяу өсетінін жеткізеді. Оның сөзінше, дұрыс маман мен сапалы аппарат таңдалса, лазерлік эпиляция шынымен тиімді нәтиже береді.

Бұл жөнінде дерматолог дәрігер Назерке Дәуренқызы процедура қауіпсіз болуы үшін бірнеше шарт сақталуы тиіс дейді. Атап айтқанда, аппарат міндетті түрде сертификатталған болуы керек. Бұл рәсімді арнайы дайындықтан өткен маман атқаруы қажет. Сонымен қатар жасар алдында терінің жағдайы міндетті түрде тексерілуі тиіс. Егер осы талаптар сақталса, асқыну қаупі едәуір төмен болады.

Бүгінде сұлулық салондарының саны артқан сайын қызмет сапасына қатысты сұрақтар да көбейген. Кейбір орталықтарда медициналық лицензия немесе сапалы аппарат болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда процедура тұтынушының денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал. Лазерлік эпиляция жасатар алдында салонның лицензиясын, қолданылатын аппараттың сапасын және маманның тәжірибесін мұқият тексерген жөн.

Сұлулыққа ұмтылу – табиғи құбылыс. Алайда, кез келген косметологиялық процедура денсаулыққа әсер ететінін ұмытпау керек. Сыртқы келбетке күтім жасағанда асығыстыққа жол бермей, қауіпсіздік пен сапаны бірінші орынға қойған дұрыс.

Жұлдыз КЕНТБАЕВА,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің
студенті

Қатысты жаңалықтар

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
Likke тәуелді  сана

Likke тәуелді сана

29.03.2026
Адалдық – адамдық белгісі

Адалдық – адамдық белгісі

29.03.2026
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026
Ағаштан түйін түйген

Ағаштан түйін түйген

29.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.