Талдықорған: +9°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Елімізде 8 жаңа электр станциясы салынады

1 сәуір 2026
КҮНДЕРЕК
Елімізде 8 жаңа электр станциясы салынады

pexels

WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің энергетика саласында ауқымды өзгерістер орын алмақ. Энергетика министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекітті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Бұл ұлттық жоба электр энергиясына күн санап өсіп келе жатқан сұранысты өтеуге және еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға негізделген. 2030 жылға дейін жалпы қуаты 7,8 ГВт болатын жаңа және жаңартылған нысандарды іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде 8 мүлдем жаңа станция салу және жұмыс істеп тұрған 11 нысанды жаңғырту көзделген.

Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын жаңа нысандар еліміздің маңызды өңірлерін қамтиды. Құрылыс жоспарына келесі нысандар енген:

  • Екібастұз ГРЭС-3: ең ірі нысан (2 640 МВт);
  • Курчатов: конденсациялық электр станциясы (700 МВт);
  • Жезқазған: жаңа ЖЭО (500 МВт);
  • Семей мен Өскемен: әрқайсысы 360 МВт болатын ЖЭО-лар;
  • Қарағанды (350 МВт) және Көкшетау (240 МВт): жаңа жылу-электр орталықтары;
  • Екібастұз: қосымша ЖЭС (180 МВт).

Жобаның тағы бір маңызды тұсы – қолданыстағы станцияларды жаңарту. Бұл жұмыстар жабдықтардың тозу деңгейін 13 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, ескірген инфрақұрылым жаңғыртылып, энергия шығыны азаяды.

Көмір генерациясы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігінде шешуші рөл атқара бермек. Алайда, бұл процесс қатаң экологиялық стандарттарды сақтай отырып, заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Бұл қадамдар өнеркәсіптің өсуіне, цифрлық экономиканың дамуына және жасанды интеллект технологияларын кеңінен ендіруге берік негіз болады. Жаңа станциялардың салынуы тек жарық пен жылу ғана емес, сонымен қатар мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін көтеруге септігін тигізеді.

Қатысты жаңалықтар

Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Бүгін, 09:28
270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.