Талдықорған: +14°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісудың жаңашыл ұстазы
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында мұғалімдер арасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас мамандардың VIII республикалық байқауының өңірлік кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Аталған кәсіби дода жас мұғалімдердің мәртебесін көтеруге және білім беру саласындағы соны бағыттарды насихаттауға арналған маңызды қадам. Жетісу облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйытқы болған шара жас толқынның шығармашылық қуатын еселеді.

Педагогикалық шеберлік байқауының басты міндеті – мектеп табалдырығын жаңа аттаған мамандарды қолдау, олардың заманауи технологияларды меңгеру қабілетін шыңдау және білім ордаларына орнықтыру. Сайыс ережесіне сәйкес, оған еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас ұстаздар қатысып, өздерінің кәсіби дайындығын жан-жақты дәлелдеді. Жетісудың түкпір-түкпірінен келген үміткерлер үш күрделі кезеңнен өтіп, қазылар алқасының алдында біліктілігін көрсетті.

Бірінші кезең «Шығармашылық жолдың бастамасы» деп аталды. Мұнда қатысушылар өздерінің тұлғалық қасиеттерін, ұстаздық ұстанымдарын таныстырып, мамандыққа деген сүйіспеншілігін білдірді. Екінші тур «Заманауи сабақ» форматында өтті. Жас мамандар өздеріне бейтаныс сынып оқушыларымен тіл табысып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақ жүргізді. Оқушылардың қызығушылығын ояту және сабақ мақсатына жету жолындағы ізденістері жоғары бағаланды. Үшінші турда «Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмысының мазмұны мультимедиялық жобалар арқылы ұсынылды.

Жетісу облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Меруерт Нұрғалиева атап өткендей, кәсіби сайыс жас педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін таптырмас алаңға айналды. Жаңашылдыққа ұмтылған мұғалімдердің қатары көбейген сайын, өңірдегі білім сапасы да арта түспек. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен ұстаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, облыс намысын республикалық деңгейде қорғауға жолдама алды.

Қазіргі таңда білім саласына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Жас мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және кәсіби ортаға бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осындай интеллектуалды бәйгелер ұстаздардың еңбекке деген ынтасын арттырып, мектеп қабырғасындағы оқу-тәрбие процесін жаңа деңгейге көтереді. Жетісудың жас ұстаздары өздерінің білімі мен біліктілігі арқылы ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуге дайын екендігін тағы бір мәрте паш етті.

Сайысқа қатысушылардың айтуынша, заманауи мектепке тек білімді ғана емес, сонымен қатар креативті ойлайтын, цифрлық дағдыларды еркін меңгерген маман қажет. Байқау кезінде көрсетілген үздік әдістемелік жұмыстар алдағы уақытта облыс мектептерінде кеңінен таратылып, оқу процесіне енгізіледі. Бұл қадам білім берудегі сабақтастықты сақтап, жас толқынның әлеуетін толық пайдалануға жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.