Талдықорған: +15°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жастар мен жасанды интеллект

05.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жастар мен жасанды интеллект
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған төрінде цифрлық болашаққа бастар жаңа алаң қалыптасып келеді. «Jetisu Digital» IT-хаб базасында Google Developer Groups (GDG) халықаралық қауымдастығы аясында «Empowering Kazakhstan’s Future: IT & AI Insights 2026» атты мазмұнды жиын өтті. Бұл басқосу – өңір жастарының технологиялық ой-өрісін кеңейтіп, жасанды интеллект пен IT саласына деген қызығушылығын арттыруды көздеген маңызды қадамдардың бірі.

Шара барысында қатысушылар заманауи цифрлық бағыттармен танысып қана қоймай, өз жобаларын жүзеге асырудың алғашқы тетіктерін меңгеруге мүмкіндік алды. Бүгінде Қазақстандағы цифрлық трансформация үдерісі қарқын алған шақта өңірлік IT-экожүйені нығайту мен жаңа буын мамандарды даярлау мәселесі ерекше мәнге ие. Осы тұрғыда аталған жиын тәжірибе мен білім тоғысқан тиімді диалог алаңына айналып отыр.

Кездесудің басты қонағы – халықаралық деңгейдегі сарапшы, JumpCloud компаниясының Platform Software Engineer-і, Cloud Architect әрі Google Developer Expert (GDE) Энез Туран болды. Ол бұлттық технологиялар, bac­kend әзірлеу және таратылған жүйе­­лер архитектурасы бағытындағы озық тәжірибесімен бөлісіп, күрделі жүйелерді құрудың заманауи тәсілдерін түсіндірді. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда cloud computing мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – IT саласындағы бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының бірі.

«Jetisu Digital» IT-хабының қызметкері Маржан Мүлкібаеваның сөзінше, жиын толықтай ағылшын тілінде өтті. Бұл – халықаралық деңгейдегі тәжірибені тікелей қабылдауға жол ашқан маңызды ерекшелік.

– Бүгін бізге Google Developer Groups аясында шетелдік сарапшы келді. Қатысушылар Google платформалары арқылы қосымша әзірлеу жолдарын үйреніп, жасанды интеллектпен жұмыс істеудің практикалық қырларымен танысты, – дейді ол.

Шара аясында өткен тәжірибелік воркшоп қатысушылар үшін ерекше қызығушылық тудырды. Мұнда нақты кейстер талданып, заманауи AI құралдары таныстырылды. Сонымен қатар, жастар өз идеяларын пысықтап, оларды технологиялық жобаға айналдыру жолдарын қарастырды. Ашық пікір алмасу мен нетворкинг алаңы жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік беріп отыр.

Жиынға мектеп оқушыларынан бастап студенттер, жас мамандар және IT саласына бейжай қарамайтын өңір тұрғындары қатысты. Олардың қатарында Жетісу университетінің жасанды интеллект зертханасының меңгерушісі Қыдырәлі Ахмет те бар. Ол мұндай кездесулердің практикалық маңызы зор екенін атап өтті.

– Мұнда ұсынылған ақпарат өте құнды. Халықаралық деңгейдегі маманнан тың деректер алдық. Енді алған білімімізді өз жұмысымызда қолдануға күш саламыз. Осындай мүмкіндіктер ұсынып отырған орталыққа алғысымыз шексіз, – дейді ол.

Жалпы, аймақта технологиялық дамуға серпін беретін маңызды бастамалардың бірі ретінде есте қалды. Осындай кездесулер арқылы Жетісу жастары жаһандық цифрлық үрдістерге бейімделіп, болашақтың бәсекеге қабілетті маманы ретінде қалыптасуға бір қадам жақындай түсуде.

Гүлім ҚАЖЫМҰРАТ,
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.