Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық бұрымды боксшылар керемет нәтиже көрсетіп, қос алтынды қоржынға салды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Надежда Рябец финалдық жекпе-жекте Өзбекстан өкілі Рухшона Парпиевамен кездесті. Тәжірибелі жерлесіміз шаршы алаңда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, төрешілердің бірауыздан берген шешімімен 5-0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін осы құрлықтық додадағы алғашқы алтын медаль болды.
Надежданың ізін ала +80 келідегі Дина Исламбекова да чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ол ақтық бәсекеде үндістандық боксшы Алфия Пазанмен қолғап түйістірді. Дина жекпе-жек барысында өзінің басымдығын дәлелдеп, ел қоржынына екінші алтын жүлдені салды. Осылайша, қазақ боксшылары финалдық кезеңді сәтті бастап отыр.
Айта кету керек, бұл жүлделерге дейін бұрымдыларымыз Азия чемпионатынан бірнеше медаль алып үлгерген еді:
-
Бақыт Сейдіш (70 келі) – күміс медаль;
-
Айгерім Сәттібаева (48 кг) – қола медаль;
-
Валентина Хальзова (75 келі) – қола медаль.
Ал алдағы уақытта тағы 8 қазақстандық боксшы Азия біріншілігінің алтын медалі үшін таласады деп күтілуде. Бұл нәтижелер отандық бокс мектебінің халықаралық деңгейдегі жоғары беделін тағы бір мәрте айқындап берді. Ұлан-Батыр шаршы алаңындағы бәсекелер әлі де жалғасуда, жанкүйерлер жаңа жеңістерден үмітті.





