Талдықорған қаласындағы Шахворостов көшесін былтыр күзде түсірген едік. Биыл тағы таспаға тартуға тура келді. Неге десеңіз, сол кезде «қыс өткен соң, көктемдегі жағдайын да назарларыңызға ұсынамыз» деп уәде бергенбіз.
Естеріңізде болса, дәл осы жерде су бұру желілерін тарту кезінде көше қазылып, кейін тұрғындардың шағымынан соң, қала әкімі Ернат Бәзіл жеке өзі барып, қайта қалпына келтіруді тапсырды. Содан кейін қайта жасалды. Шаһар басшысы ең алдымен сапаға мән беруді қатаң ескертті. Сол кездегі сөзін сол қалпында қайта берейік.
– Халықтың күнделікті жүретін жолы – бірінші кезектегі мәселе. Жауапкершілікті сезініп, бір апта ішінде көшелерді толық қалпына келтіруді тапсырамын. Бұл жерде сапа мен уақыт – басты талап, – деді Ернат Бәзіл.
«Кімге, нені тапсырды?», – десеңіздер оған да берер жауабымыз әзір. Бұл аумақта «Диас Проект» ЖШС су бұру желілерін төсеу жұмыстарын жүргізген. Алайда, біраз уақыт бойы жөнделмей, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтірді. Қош, әйтеуір жасалды. Бірақ бір қысты өткерген соң, асфальт қайта отырып, тіпті, опырлып жатыр. (Суретке мән беріңіз)

Шұңқырды қапқа құм салып жауып, кей жерінде тас төсеуіш (брусчатка) қойғанмен одан келер қайран жоқ.
Мердігер Шахворостов көшесінен бөлек Шевченко және Құрманов көшелерінде де осындай жобаны іске асырды. Қазір барып сол екі көшені де араласаңыз, осындай жағдайға тап боласыз. Ендігі сұрақ: Жолдағы осындай жағдайға кім жауапты? Қала әкімдігі ме, әлде мердігер ме?
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мәулен Әнербай






