Талдықорған: +12°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

12.04.2026
АЛТЫН ҚОЛ
Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Алма бағы – қазақ даласының көркі ғана емес, берекенің, еңбектің және табыстың символы. Көктемде ақ гүлге оранып, күзде алқызыл жемісін сыйлайтын алма ағаштары ауыл шаруашылығының маңызды өнімінің бірі саналады. Бүгінде алма бағын өсіру – тек дәстүрлі кәсіп емес, заманауи технологиялармен ұштасқан тиімді бизнес көзіне айналып отыр.

Алма өсіру – ұзақ мерзімді, бірақ тұрақты табыс әкелетін сала. Бір рет отырғызылған бақ ондаған жыл бойы өнім береді. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтары алма өсіруге өте қолайлы. Жердің құнарлылығы мен климаттың ерекшелігі де сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Алма бағын дұрыс жоспарлап, күтіп-баптаған жағдайда көп жеміс алуға болады. Бұл ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді. Бақ өздігінен өнім бермейді. Оның әр кезеңі – еңбек пен жауапкершілікті талап етеді. Көктемгі күту, жазғы суару, зиянкестермен күрес жүргізу, күзгі жинау – осының бәрі жүйелі жұмысты қажет етеді.

Тәжірибелі бағбандардың айтуынша, алма ағашы алғашқы жылдары көп өнім бермегенімен, уақыт өте келе мол жеміс бере бастайды. Сондықтан бұл салада табысқа жетудің басты кілті – шыдамдылық пен тұрақтылық. Қазіргі таңда алма бағы шаруашылығында жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Тамшылатып суару жүйесі, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, сапалы көшеттерді таңдау – өнімділікті арттырудың негізгі жолдары. Сонымен бірге, сақтау қоймалары мен қайта өңдеу цехтарының дамуы өнімді ұзақ уақыт сақтап, нарыққа тиімді бағамен шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде фермерлердің табысын еселей түседі.

Алма – тек ауыл шаруашылығы өнімі емес, ұлттық символға айналған жеміс. Әлемге әйгілі апорт алмасы – қазақ жерінің бренді. Сондықтан алма бағын өркендету – тек экономикалық емес, мәдени маңызы бар іс. Оны дамыту – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осындай маңызды саланың дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбек адамдарының бірі – Алакөл ауданы Қазақстан ауылында тұрады. Ол – «Саят» шаруа қожалығының жетекшісі Саят Құрманбаев.

Табиғатпен тіл табысып, маңдай терімен өнім өндіруді мақсат тұтқан қожалық иесі алма бағын өсіруді кәсіпке айналдырған. Сөйтіп, ол бүгінде бақ шаруашылығының дамуына өзіндік үлесін қосып отыр. Әрине, алма өсіру – оңай кәсіп емес. Өйткені, бұл сала үлкен жауапкершілікті, шыдамдылықты және білімді талап етеді. Шаруа адамы алғашқы жылдары түрлі қиындыққа тап болғанын жасырмайды. Жерді дайындау, сапалы көшет таңдау, суару жүйесін реттеу, зиянкестермен күресу – мұның бәріне тәжірибе мен еңбек керек. Ол қиындықтарды еңсере білді. Біз әңгімелеп отырған кейіпкеріміздің негізгі мамандығы құрылысшы. Бірақ, ол ауыл шаруашылығы саласын әбден меңгеріп, ізденіп, 15 жыл ішінде тәжірибелі бағбанға айналды. Бүгінде қожалық иесінің ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізетін егістік жері және алма бағы бар. Шаруашылықтағы 145 гектардың 7 гектарында 3200 түп алма ағашы өсіп тұр. Қалған бөлігінде арпа, бидай тұқымы егіледі. Сонымен бірге майбұршақ, жүгері, қант қызылшасы және жоңышқа өсіруді де қолға алған.

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Таяуда алма ағаштары гүлдеп, бүр жара бастайды. Қожалық жетекшісі жерді тоздырып алмас үшін ауыспалы егістік жүйесін сақтауға баса мән беріп отыр. Сол себепті әр жыл сайын өнімдердің орны ауыстырылып, дақыл түрлері өсіріледі. Бақтағы алма ағашында Заря, Рашида, Кандиль және Синап атты төрт түрлі сорт бар. Жаздық алмалар маусым кезінде Алакөлдің демалушыларына ұсынылады. Шаруаның бұл іспен айналысып келе жатқанына жалпы 10 жылдан асыпты.

– Алма ағашынан мол өнім алу үшін оның күтімділігіне ерекше мән береміз. Мәселен, артық өскен ағаштары дер кезінде кесіліп, ретке келтіріледі. Зиянкестермен де күрес жүргіземіз. Тыңайтқыштардың дұрыс пайдаланылуына да басымдық берген дұрыс. Сонда ғана мол өнім алуға қол жеткізіледі. Әсіресе, уақытылы суарылуына көп көңіл бөлінеді. Жемістерді жинауға ауыл адамдары көмектеседі. Біздің өнімдеріміз үлкен сұранысқа ие. Мәселен, оны Шығыс Қазақстан мен Семейдің тұтынушылары келіп, алады. Қалғаны сақтауға қойылып, қыс кезінде білім ордаларына таратылады. Сатылымнан қалған жемістерден алма қағы мен кампот жасаймыз. Экологиялық таза табиғи өнімдерді тұтынатындар көбіне өз ауылымыздан табылады, – дейді Саят Құрманбаев.

Алма бағы – табиғат пен адамның үйлесімді еңбегінің жемісі. Сондықтан, Саят сияқты ауылдықтар үшін алма өсіру – тұрақты табыс пен берекелі өмірдің кепілі. Алдағы уақытта ол өнім өңдеу, яғни табиғи шырын, тосап өндіру бағытында да жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Мәселен, алдағы кезде 300 тонна өнім сиятын сақтау орнын салу және өнім өңдейтін шағын цех ашпақ. Қожалық иесі сондай-ақ жүгері өсіруге де басымдық беруде.

Бір сөзбен айтқанда, алма бағын өсіріп отырған шаруа – еңбек пен табандылықтың айқын үлгісі. Оның тәжірибесі ауыл жастарына үлкен серпін беріп, туған жерді дамытуға деген ынтаны арттырады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Қазақстан ауылы,
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.