Талдықорған: +6°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Мемлекет қаржыландыратын барлық фильм енді тек қазақ тілінде түсіріледі

20.01.2025
РУХАНИЯТ
Мемлекет қаржыландыратын барлық фильм енді тек қазақ тілінде түсіріледі
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттің қолдауымен түсірілетін ол фильмдер прокатқа екі тілде шығады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚПАРАТ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Бұл туралы премьер-министрдің депутаттарға берген жауабында жазылған. Бектенов алдағы 10 жылға «Қазақ киносының даму стратегиясын» әзірлеу мәселесі қолға алынғанын, жалпы салаға реформа жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Мемлекет қолдауымен түсірілетін барлық фильмдер қазақ тілінде түсіріледі және прокатқа екі тілде шығады. Статистикалық деректер бойынша, 2024 жылы прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 19 %-ға жеткен (2023 жылы 16 %). Бұл қазақ тіліндегі контентке сұраныстың арта түскенін көрсетеді, – делінген жауапта.

КЛУБ ҚҰРЫЛАДЫ

Бектеновтің жауабына сәйкес, қазір Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанынан сценаристер, продюсерлер клубын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылы орталық жанындағы сараптамалық кеңестің қызметі қайта жанданған. Кеңес мүшелеріне қойылатын талаптар толықтырылған. Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету үшін киножобаларды конкурстық іріктеу тәсілдері өзгертілген.

ҚАЗАҚФИЛЬМДІ ТІКЕЛЕЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Ақорда биыл 10 қаңтарда президенттің мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша заңдарға қол қойғанын хабарлаған еді. 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның хабарлауынша, заңға сәйкес елдегі басты киностудия — Шәкен Айманов атындағы Қазақфильмінің жұмысына жаңа даму кезеңіне қадам баспақ. Енді жыл сайын фильмдерге бөлінетін жалпы қаржының кемі 30 пайызы тікелей Қазақфильмге бағытталады. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша креативті индустрияға қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік шаралар кешені әзірленген. Осыған сәйкес таланттарды ашу және жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымды дамыту қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтерді халықаралық нарықтарда ілгерілету үшін әлеуетті инвесторларды тартатын арнайы креативті индустрияны қолдау қоры өз жұмысын бастайды. Креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша өкілетті мемлекеттік органның құзыреті де нақты бекітілді.

Коллаж: Ulysmedia

Қатысты жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026
Төл алу науқанына дайын

Төл алу науқанына дайын

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.