Талдықорған: +12°C
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кәсіпкерлер шағымы қаралды

16.04.2026
КҮНДЕРЕК
Кәсіпкерлер шағымы қаралды
WhatsAppTelegramFacebook

Әкімшілік қысым көрсету, мемлекеттік қолдау шараларынан бас тарту және заңнама нормаларын қолдану мәселелері облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында қаралды.

Осындай өтініштердің бірі 2018 жылдан бері мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет етіп келе жатқан Алакөл ауданы Қабанбай ауылындағы «Ақтілек бөбекжайы» ЖШС-нің өтініші болды. Бизнес субъектісінің мәліметінше, соңғы айларда балабақша мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше рет тексерілген. Бұл тексерулер аталмыш серіктестік орналасқан елді мекенде тұрмайтын жеке тұлғаның арызы бойынша жүргізілген.

Қарсы тарап шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді әлеуметтік желілерге де таратқан. Атап айтқанда, Instagram пайдаланушыларын «Ақтілек бөбекжайы» ЖШС қызметін уәкілетті органдардың рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асыратындығы, мектепке дейінгі ұйым аумағында ойын алаңының жоқтығы туралы құлақтандырған.

– Өтініш берушінің ешқандай дәлелі жоқ. Алайда оның іс-әрекеті мектепке дейінгі ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтірді, – дейді «Ақтілек бөбекжайы» ЖШС жетекшісі Қаламқас Жантеева.

Спикердің айтуынша, жеке тұлғаның «шабуылынан» кейін мемлекеттік органдар тарапынан бақылау күшейтілген. Бұл балабақшаның күнделікті жұмысына қолайсыздық тудырып отырған көрінеді. Сондай-ақ, ол мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік білім беру тапсырысы шарты бұзылғанға дейін қаржылық және моральдық шығындарға ұшырағанын атап өтті. Осы мәселені қарау қорытындысы негізінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес қалыптасқан жағдайды бизнеске жүйелі қысым ретінде белгілей отырып, жүргізілген тексерулердің заңдылығына құқықтық баға алу үшін прокуратура органдарына өтініш жіберу ұсынылды.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне қатысы жоқ үшінші тұлғалардың өтініші негізінде тексерулерге бастамашылық жасауға байланысты жүйелі бұзушылық белгілерінің болуына баса назар аудара отырып, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес хатшылығына ақпарат дайындап, жіберу туралы шешім қабылданды. «Өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы №13 бұйрығының нормаларын қолдану мәселелерімен «AlakolPlant» ЖШС жүгінді. Микробизнес санатына жататын кәсіпорын 2023 жылғы салық берешегін белгіленген кезеңде толық өтеді. Алайда, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару тетігін қолдану кезінде әртүрлі көзқарас пайда болып, есептеулер 2026 жылы жүйеде көрсетілген, бұл ережелер талаптарына іс жүзінде сәйкес болғанына қарамастан, оларды есептен шығару мүмкіндігіне күмән келтірілді. Мәселені қарау қорытындысына сәйкес кәсіпкерге бөліп төлеу түрінде реттеу нұсқасы ұсынылды, оны серіктестік ұйымдастырды.

Тағы бір өтініш «Қоржымбаев» шаруа қожалығынан келіп түсті. Шаруашылық жетекшісі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы түрік өндірісінің халықаралық қопсытқышын лизингке сатып алғанын, кейіннен ауыл шаруашылығы басқармасына инвестициялық субсидия алуға өтінім бергенін хабарлады. Алайда, жеткізушінің жеткізу мерзімін сақтамауы себебінен мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тартылды, кәсіпкердің пікірінше, бұл оның іс-әрекетіне байланысты емес. Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар берілді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Көші-қон: Енді Қазақстанда қалу үшін мемлекеттік тілді білу міндеттелмек

Көші-қон: Енді Қазақстанда қалу үшін мемлекеттік тілді білу міндеттелмек

16.04.2026
Араға 20 жыл салып келген алтын: Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды

Араға 20 жыл салып келген алтын: Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды

16.04.2026
Несие мен бөліп төлеуге лимит енгізіледі

Несие мен бөліп төлеуге лимит енгізіледі

16.04.2026
237 мың бала: еліміздегі инклюзивті білім беру жағдайы

237 мың бала: еліміздегі инклюзивті білім беру жағдайы

16.04.2026
Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан жастарының бастамалары талқыланды

Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан жастарының бастамалары талқыланды

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.