Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Араға 20 жыл салып келген алтын: Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды

16 сәуір 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Араға 20 жыл салып келген алтын: Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды

olympic.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандық спортшы Айым Серікбаева (-44 кг) таеквондодан (WT) жастар арасында әлем чемпионы атанып, ел спортының тарихына жаңа бет қосты. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің шешуші кезеңінде ол мексикалық Понсе Нуньес Дара Ширлимен кездесті. Тартысты өткен финалда отандасымыз қарсыласын 2-0 есебімен сенімді түрде жеңіп, алтын тұғырдан көрінді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Айымның жеңісі – отандық таеквондо мектебі үшін айтулы әрі тарихи сәт. Ел құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет алтын жүлдені 2006 жылы иеленген болатын. Осылайша, араға 20 жыл салып әлемдік доданың ең биік марапаты қайтадан ел қоржынына түсті. Жас спортшының мұндай жоғары нәтиже көрсетуі қазақстандық таеквондоның халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

olympic.kz

Айым Серікбаева бұған дейін де халықаралық аренада өзін жақсы қырынан танытқан спортшы. Ол Азия чемпионы атағын иеленіп, жастар арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы болған еді. Сондықтан оның әлемдік додадағы жеңісі кездейсоқтық емес, ұзақ жылғы еңбек пен дайындықтың жемісі.

Қазіргі таңда Ташкенттегі әлемдік біріншілікте Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуде. Айымның алтын медаліне дейін ел қоржынына Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай жеңіп алған екі қола жүлде түскен болатын. Жер-жаһанның мықтылары жиналған жастар арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады. Жанкүйерлер алдағы күндері де отандастарымыздан жаңа жеңістер мен жарқын сәттер күтуде.

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.