Өңірлер арасында Жетісу облысында бұған дейін жалақы төмендігі айтылған. Ал бүгін азық-түлік қатты қымбаттаған аймақтар қатарынан тағы көрінді.
Kursiv.media сайты жариялаған ақпаратта Қазақстанда Астана қаласы мен Қарағанды облысында инфляция жоғары екендігі жазылды. 2024 жылдың желтоқсанында Астанада жылдық инфляция 10,7% болса, Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 9,6%-ды құраған.
Тақырыпқа орай: Не себепті Жетісу облысы айлығы шайлығына жетпейтіндердің қатарында?
Былтыр жыл соңында жылдық инфляция жеделдеп, 8,6% -ды құраған. Жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеген. Ал 9 өңірде баяулап, 1 өңірде өзгеріссіз қалды.
2024 жылдың соңында азық-түлік бағасы жылдық мәнде 5,5%-ға дейін өскен. Әсіресе, Жетісу мен Түркістан облысында азық-түлік бағасы қатты қымбаттаған.
Түркістан облысында азық-түлікке жатпайтын тауарлар да қымбаттаған. Ең төменгі мән Павлодар облысында (5,3%) тіркелді.
Желтоқсанда айлық инфляция 0,9%-ға өсті. Бұл – бұған дейінгі орташа мәнінен жоғары.





