Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына елорданы абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру және қауіпсіз әрі қолайлы қала ортасын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Әкімнің айтуынша, биыл Астанада 173 аумақты – қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар қалада жасыл желекті көбейту жұмыстары қарқын алады. Жыл соңына дейін 1,1 миллион түп көшет, бұта, гүл және ағаш отырғызу көзделіп отыр.
Негізгі жобалардың бірі ретінде «Самал» саябағын қайта жаңғырту жұмыстары аталды. Жоба аясында аумақ тұрғындардың отбасылық демалысына, спортпен айналысуына және түрлі мәдени іс-шараларды өткізуіне ыңғайлы көпфункционалды кеңістік ретінде қарастырылған.






