Жетісу облысында жөндеу жұмыстарына байланысты Мұқыры тау асуы арқылы автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. Бағыт ескі айналма жол арқылы қайта ұйымдастырылды, – деп 7-su.kz ақпараттық порталы.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, уақытша өзгерістер 28 сәуірден бастап республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолының 213-234 шақырым аралығында (Алғабас – Мұқыры асуының түсу бөлігі) енгізілген.
Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде Алматы – Талдықорған бағыты бойынша қозғалыс бұрынғы режимде сақталған. Ал Талдықорғаннан Алматы бағытына қарай көлік қозғалысы Мұқыры елді мекені арқылы өтетін ұзындығы 27 шақырымдық айналма жолмен ұйымдастырылған, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.





