Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа тұжырымдама үдеріс өзегі

29.04.2026
КҮНДЕРЕК
Жаңа тұжырымдама үдеріс өзегі

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Апта ортасында облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа тұжырымдама аясында құжат әзірлеу тәсілдері талқыға түсті. Бір үстел басында мемлекеттік орган,  квазимемлекеттік сектор өкілдері,  мәслихат депутаттары,  қоғам белсенділері мен жастар бас қосты.

Салтанат сарайында өткен жиынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қобылан Манап жүргізіп, жаңа тұжырымдаманың мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар,  жиынның мақсатын таразылап,  тұжырымдаманы жан-жақты талқылау арқылы жемісті нәтиже болатынын жеткізді. Спикердің сөзіне сенсек,  қазір елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес тек заң шеңберін жетілдірумен шектелмей, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқанда жоғары нәтиже көрсетпек.

Ал, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысындағы өкілі Қанат Қарымсақов азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударып, оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының маңызды құрамдас бөлігі екенін нығырлай жеткізді. Айтуынша, қоғам сенімі қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен құқықтарды қорғау тетіктерінің қолжетімділігі айтулы мәселені шешудің негізгі тетігі.

Өз кезегінде «Jetisý Jastary» КММ директорының орынбасары Ақыл Сәрсенбай жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидаттарын қалыптастыру жайында сөз етті. Оның пікірінше, жас ұрпақты адалдық пен жауапкершілік құндылықтарымен сусындату арқылы ұзақмерзімді өзгерістерді қалыптастыруға болады.

Облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Ермек Егінбаев өз сөзінде құзырлы құрылымдардың бюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз етудегі және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылаудағы рөлін атап өтті. Ал Әдеп жөніндегі уәкіл Ғабит Тұрсынбайұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібін нығайту және жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігін сөз етті. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев цифрландыру мен әкімшілік кедергілерді азайту мәселелеріне тоқталып, олардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда маңызды тетік екенін жеткізді. Осыған ұқсас пікірді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Бейсебаев білдіріп, үдерістерді автоматтандыру мен адам факторын азайту аса маңызды екенін айтты.

Сондай-ақ, жиында экология, ішкі мемлекеттік аудит, партиялық құрылымдар және академиялық қауымдастық өкілдері сөз сөйледі. Облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Елдос Мырзабек табиғатты пайдалану саласындағы ашықтық мәселелерін тілге тиек етсе, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Талғат Төлтебаев қаржылық бақылауды күшейту шаралары туралы баяндады.

Жиында БАҚ және комплаенс қызметтерінің рөліне де ерекше көңіл бөлінді. «Жетісу Медиа» КМК комплаенс-офицері Әділет Сұлтанбек қазіргі медиа тек ақпарат таратып қана қоймай, қоғамда адалдық пен ашықтыққа деген сұранысты қалыптастырып жатқанын жеткізді.

Талқылау барысында қатысушылар болашақ тұжырымдаманы жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, қоғамдық бақылауды кеңейту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу қажеттігі айтылды.

Кездесуді қорытындылаған Қобылан Манап барлық ұсыныс жинақталып, әрі қарай пысықтауға жіберілетінін жеткізді. Ол мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана ашықтық, есептілік және сенім қағидаттарына негізделген тиімді антикоррупциялық жүйе қалыптастыруға болатынын атап өтті.

Дастанбек Садық

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.