Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Президент Чехия Премьер-министрін «Достық» орденімен марапаттады

29 сәуір 2026
КҮЛТӨБЕ
Президент Чехия Премьер-министрін «Достық» орденімен марапаттады

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Андрей Бабишті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысы жоғары мемлекеттік награда Чехия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталғанын атап өтті.

– Сіз Қазақстанның сенімді досы әрі халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Екіжақты қарым-қатынасты табысты дамытуға бағытталған сындарлы ұстанымыңызды жоғары бағалаймын. Сіз өзара ықпалдастықты ілгерілету жолында аянбай еңбек етіп келесіз, сол себепті байланыстарымыздың келешегіне сеніммен қараймыз. Елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге І дәрежелі «Достық» орденін табыстау туралы шешім қабылдадым. Бұл жоғары марапат қазақ-чех берік достығының жарқын символына айналады. Серіктестігіміз болашақта да жанданып, нығая беретініне сенімдімін, – деді Президент.

Өз кезегінде Андрей Бабиш көрсетілген құрмет үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастық тұрақты дамып келеді.

– Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелі дамып келе жатқанына шынайы қуаныштымын. Саяси диалогымыз ашық әрі сындарлы сипатқа ие. Халықаралық аренадағы ықпалдастығымыз тұрақтылыққа, бейбітшілік пен серіктестікке бейіл екенімізді көрсетеді. Чех Республикасы Қазақстанның әлемдік аренадағы сенімді әріптесі екенін мақтан тұтады. Осы жоғары марапатқа лайық көргеніңіз үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы достықты тереңдету және халықаралық серіктестікті нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз, – деді Чехия Премьер-министрі.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.