Талдықорған: +28°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Күмбірді құрметтеген

30.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Күмбірді құрметтеген
WhatsAppTelegramFacebook

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», – дейді Қадыр Мырза-Әлі. Осынау сөзден соң әрбір қазақ домбыра тартуы міндет сықылды көрінеді кейде. Өйткені тіл жетпеген жерге үні жетген осы киелі аспаптың күмбірінде иісі қазақтың бүкіл болмысы мен кеңістігі бар емес пе?!

Содан домбыра – нағыз қазақ! Бірақ, бұл осы аспапта тек қазақтар ойнасын дегенді білдірмейді. Кербұлақ ауданына қарасты Басши ауылында тұратын Лаура Бакиева балабақша жасынан домбыраға ғашық, бала жастан күмбірге құштар. Ұйғыр ұлтының өкілі қазір 100-ге жуық күйді жатқа біледі. Ал кез келген музыкалық шығарманы нотасы болса домбырамен орындап береді.

Кейіпкеріміз 1979 жылы Панфилов ауданы, Алтыүй елді мекенінде дүние есігін ашқан. Сол ауылда балалығы өткен. Бір қызығы, Лаураның қос ішектен төгілген әуенге ынтызарлығын балабақшадағы тәрбиешісі ашқан. Айтуынша, күндіз тыңдаған әуенді кешке үйіндегілерге оқтаумен орындап береді екен. Сезім деген құдірет тыншып жатқан ба, домбыраға құштарлығы 3-сыныптан музыкалық мектепке жетелепті. Сонда 5 жыл оқыған соң Талдықорғандағы Қ. Байсейітов атындағы музыкалық колледжінен, кейін І. Жансүгіров атындағы университетінен музыкалық білім алып шығады.

Домбырашы Лаура қазір Басшидің келіні, ауылдық Мәдениет үйінің директоры. 11 бүлдіршіннің ұстазы. Сол 11-і қазір Бірлік күніне орай қызу дайындық үстінде. Кейіпкеріміз әрбір музыкалық шығарманың нақышпен орындалуы үшін бәйек болып жүр. Біздің кіріп келгенімізді де аңғармады. Бар әлегі – шәкірттері. Қолында өз домбырасы. 1995 жылы студент шағында 100 долларға сатып алған аспабы – асыл қазынасы.

2011 жылы ауылдағы Мәдениет үйі ашылғалы 50-ден аса шәкірт тәрбиелеппін. Қазір алды үлкен сахнада жүр. Бұл аспапты әулетімізде мен ғана үйрендім. Домбыра киелі. Оның орны төрде. Әдетте ресми шараларда домбырашыларды есік алдында отырғызып қояды ғой. Оны құп көрмеймін. Киелі дүние шараларда сахнада, ал үйде төрде тұруы тиіс. Өзім домбырамды қабына салып, үйде көпшіліктен таса жерде ұстаймын. Оны ретсіз дыңғырлатуға рұқсат етпеймін. Шыңғыс ханға ұлының өлімін адам жеткізе алмай, домбыра «айтқанын» ескерсек, қасиетті аспапты әрдайым құрметтеуіміз керек, – дейді.

Лаура Бакиева домбыраны заманауиландыруға да жаны қас. Электрлі дом- быраны тіпті құп көрмейді. Өйткені оның дәуірлерден жеткен үнін, ата-баба арманы мен мақсатын өзгертуге ешкімнің қақысы жоқ. Қазір кезінде домбырамен шырқалып, халыққа танылған әндерді жасанды интеллектінің көмегімен әрлеп, рок, шансон стилінде өзгерту үрдіс алған. Басшилік өнерпаз мұны да ән мәдениетіне жасалған қиянат деп біледі.

Домбыраның өзіне тән қасиеті бар. Оны өзгерту – баба жұрттың өнерге деген махаббатына жасалған қастандық деп білемін. Жуырда жолға шығып, көлік ішінде «Не пайда» термесін тыңдадым. Жасанды санамен өзгертілген, шыңғырған, даңғаза күйге енгізген. Әр ән сазгердің ішкі бұлқынысы мен сезімінен туындайды. Ал сезімді өзгерте алмайсың. «Не пайда» термесі қоғамдағы кемшілік пен басбұзарлықты сын садағына алып, қазақтың қаймағы бұзылмаған дәстүрін аттамауға, ұлттық мүддені аяқасты етпеуге үндейді. Ал адамзаттың ақыл-ойының жемісі оны құр айқайға, сезімсіз дүниеге айналдырған. Жаңашылдықты тұпнұсқаны жоюға бағыттамауымыз керек, – деді Лаура.

Өнерпаз «Ортеке» қуыршағының сатылымға шыққанын сүйіншілеп, осы өнерді шәкірттеріне үйретуді мақсат етіп отыр. Мұнысы, домбыра тартудың жаңа қырын тануға ұмтылыс деп түсіндік. Кейіпкеріміз домбыра тартқан бала ұлтжанды болып өсетінін алға тартты. Өйткені домбыра – бабалар үні.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жоғалған 72 жастағы ер адам дрон көмегімен табылды

Жетісуда жоғалған 72 жастағы ер адам дрон көмегімен табылды

30.04.2026
Әке беделі – қоғамның тірегі

Әке беделі – қоғамның тірегі

30.04.2026
Бейбіт Исабаев Ескелді ауданында халықты жеке қабылдайды

Бейбіт Исабаев Ескелді ауданында халықты жеке қабылдайды

30.04.2026
Күмбірді құрметтеген

Күмбірді құрметтеген

30.04.2026
Бір шаңырақ астындағы жарасым

Бір шаңырақ астындағы жарасым

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.